Келесі кезеңнен үміт үзілді

1538

Қазақстан жастар құрамасы хоккейден Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр. 

Келесі кезеңнен үміт үзілді

Әлем чемпионатының өту әдісі өте қарапайым. Әр топтағы алғашқы 4 орынды иемденген командалар плэй-офф сатысына шығады. Ал 5 орын алған 2 команда бір бірімен 2 жеңіске дейін ойнап, элиталық айналымда қалуға тырысады. 2019 жылдың қаңтар айында Данияны жеңіп Қазақстан жастар құрамасы екінші жыл қатарынан элиталық топта қалып кеткен болатын. Мұндай оқиға 2008 жылдан кейін енді ғана қайталанған еді. 

Биылғы жеребе Қазақстан жастарына бірден екі бәсекелесті түсірді. Алдымен Швейцария, сосын Словакияны. Тікелей қарсылас болатын бұл командалармен өткен матчтар өте сәтсіз болды. Словакиямен өткен матчта Оливер Окульяр есеп ашты. Бірақ, Максим Мусоров таразы басын теңестірді. Осы шайбаның арқасында қазақстандық шабуылшы топ ішіндегі үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. Алайда оның голдары құрамаға көп көмектесе алмады. Себебі, есеп 3:1 болып, Словакия құрамасы 3 ұпай еншіледі. 

Қазақстан құрамасында енді екі көшбасшыға қарсы өтетін ойындар қалып тұр. 29 күні Финляндиямен, 30-күні Швециямен. Финляндия жастары соңғы Әлем чемпионатының жеңімпаздары екендігін айтып жатсақ та жеткілікті болар, ал Швеция осы біріншілікте финдерден басым түсіп үлгердік. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу