Кеңес Рақышев Қырғызстандағы БТА Банкті сатты

18545

Бұл туралы  БТА Банк өз сайтында хабардар етті. 

Кеңес Рақышев Қырғызстандағы  БТА Банкті сатты

Жақында БТА Банктің сайтында акционерлік қоғамның акцияларының он немесе одан да көп пайызы бар ұйымдардың тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат жарияланды. Ақпаратқа сүйенер болсақ, БТА Банк  Қырғызстандағы "БТА Банк" ЖАҚ-ты сатқан.

"Эмитенттің он немесе одан да көп акциялардың  пайызына  ие ұйымдар тізімін өзгерткеннен кейінгі ұйымының орналастырған акцияларының (үлес, жарналары) жалпы санындағы аталған ұйымның акциялар санының (үлес, жарналар) пайыздық арақатынасы 0% деп көрсетілген", – деп хабарланған БТА сайтында. Өзгертулер 2019 жылдың 12 маусымында болған.

Қырғызстан банкі мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарында қазақстандық БТА 93,2092% үлеске ие болған.  Наурыз айында "еншілес банкте" кадрлық өзгерістер болып,  Аалы Уманкулов банк басшысы болып тағайындалды.

Еске салар болсақ, 2018 жылдың наурызында  24.kg  БТА Банк Қырғызстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік мүлікті басқару қорынан  "БТА Банк" ЖАҚ акцияларының  7,7%-ын сатып алғанын хабарлаған болатын. Келісім шарты бойынша, акция үшін қазақстандық банк 177,620 млн сом (830 млн теңгеден астам) төлеген.

"2015 жылы  Жоғарғы соттың шешімімен ММБҚ-ға БТА Банк акцияларының 15,4%-ы берілген. Бұл акциялар бұрын Данияр Үсеновке тиесілі болған. 2016 жылы қосымша эмиссия жүргізілгеннен кейін, ММБҚ-ның акциялар пакеті 7,7%-ға дейін азайды. Тап осы үлесті БТА Банкке саттық. Енді мемлекетке банктен ештеңе тиесілі емес", – деп "24.kg" ақпараттық агенттігіне ММБҚ-ның шаруашылық мүлік басқармасының басшысы Тимур Малбашев айтты.    

"2011 жылы Бас прокуратура банкті рейдерлік басып алу туралы қылмыстық іс қозғады. Революциядан кейін БТА Банк мүлікті қайтаруды тағы талап етті. Сот қазақтандық банкті жәбірленуші тарап деп танып, акцияларды 2015 жылы қайтарып берген", – деп жазылған  24.kg сайтында.

2018 жылдың қыркүйегінде Бішкекте "БТА Банк" ЖАҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы Темір Рысқұлов ұсталды. Кейін "БТА Банк" ЖАҚ директорлар кеңесі тергеу кезінде Темір Рысқұлов банкте атқарып отырған қызметінен аластатылғанын және одан банк директорлар кеңесі төрағасының өкілеттігі алынғанын ресми түрде мәлім етті. Қырғызстан Республикасы ІІМ-нің тергеу қызметі  "БТА Банк" ЖАҚ-ға тергеу БТА Банк қызметімен байланысты емес, тек оның мүлік саласындағы жеке істеріне қатысты екендігі жайлы ресми хабарлама жасады. 

Қазақстандық БТА акционерлері –  Кеңес Рақышев және Novacom Corporation  ЖШС .

БТА Банктің тағы екі "еншілесі" бар.  Олар – Украина мен Беларусь елінде. 

Ольга Фоминских

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу