Кепілдік береміз!

4296

Кәсіпкерлер үшін күнтізбелік жылдың аяқталуы – бұл жылдық келісімшарттардың жабылу уақыты, содан кейін жаңа тендер маусымы басталады. Ал конкурстық сатып алуға табысты қатысу үшін не қажет? Біріншіден, сіз тапсырыс берушіге Сіздің бизнесіңізге сенуге болатындығын дәлелдеуіңіз керек. Бұл үшін банктік кепілдіктер бар. 

Кепілдік береміз!

Банк кепілдігі – бұл банк клиенттің үшінші тарап алдындағы міндеттемелерін орындауына кепілдік беретін шарттарды қамтамасыз ету нысаны. Әдетте, банктік кепілдікке деген қажеттілік контрагенттер бір-бірінің төлем қабілеттілігін жеткілікті білмеген кезде пайда болады және олар мәміле бойынша өз тәуекелдерін шектегісі келеді. Сонымен қатар міндеттемелерді кепілдендіру процесі Қазақстан заңнамасымен реттеледі.

– Банктік кепілдіктер – бұл біздің кәсіпкер клиенттеріміз арасында кредит бергеннен кейінгі екінші ең танымал өнім, – дейді корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры – Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Басқарма мүшесі Арчил Усанеташвили, – Кепілдік бермес бұрын, біздің банк клиенттің бизнесіне қаржылық талдау жүргізеді және ол үшін халықаралық ВТБ Тобының технологияларын қолданады. Талдау барысында банк қызметкері қажетті кеңестер береді. Әділ баға мен басқарушылық есептіліктің барабар нысандарын жасауға көмектеседі. ВТБ кредиттік технологиялары кредит қабілеттілігін бағалауға және қысқа мерзімде банктік кепілдік беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Банк ВТБ (Қазақстан) банк кепілдіктерінің бірнеше түрін ұсынады. Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие тендерлік кепілдік, аванстық төлемді қайтару кепілдігі және келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі. Бұл өнімдерді қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ заңды тұлғалар – шағын бизнес субъектілері пайдалана алады.

Берілетін кепілдік сомасы клиенттің қажеттілігін және оның қаржылық жағдайын талдауды ескере отырып айқындалады. Кепілдік мерзімі оның шеңберінде операциялар жүргізілетін тендерлік құжаттаманың талаптарына немесе мәміленің шарттарына байланысты белгіленеді.

– Егер клиент Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, оған кепілдіктер ұлттық валюта – теңгемен ғана беріледі. ҚР бейрезиденттерінің пайдасына Қазақстанның валюталық заңнамасы сақталған жағдайда ұлттық немесе шетелдік валютада – АҚШ долларында, еврода, ресей рублінде және басқа валютада кепілдік беріледі, – дейді Арчил Усанеташвили.

ВТБ кепілдігін шығаруға өтінімді банк сайтындағы сілтеме бойынша өтіп, бөлімшелерге бармай-ақ беруге болады.

03.02.2020 ж. №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу