Кездесуде Ғалия Ақбасова Кербұлақ ауданының даму көрсеткіштерін сөз етті. Ал, Ділдаш Күрішбаева партияның Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Алдағы бес жылда Кербұлақ ауданында газ тарту желілері салынбақ.
Қос тұлғаның тақырыбына арқау болған тақырып ауқымды. Әуелі Ділдаш Күрішбаева "Nur Otan" партиясының ел келешегі үшін жасап жатқан келелі жұмыстарын баяндады. Шыны керек, нақ істер партиясы деген атқа ие партияның соңғы жылдарда атқарған шаруасы алуан. Бастысы халықтың жайына болысу, сол жолда аянбай еңбек ету нұротандықтардың басты борышы іспетті. Мәселен, кешегі пандемия кезінде елдегі жағдайы төмен отбасыларға жеті дүркін 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берді. Оңтүстіктегі ағайын табиғи апаттан зардап шегіп, мақтаралдықтар үйсіз-күйсіз қалғанда партия жасақтаған көмек керуені Мақтаралға ағылды.
- Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр, - деді Ділдаш Күрішбаева.
Қос тұлғаның кездесуі барысында мұнан да өзге келелі тақырыптар қозғалды. Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан "Рухани жаңғыру" іргелі жобасы жаһандану дәуірінде ұрпақтардың ұлт келешегін жарқын етуде бағдаршам болмақ. Батыр ана үміткерге сәттілік тілеп, партияның жүйелі жұмысына алғыс білдірді.
"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді