Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б. Байбек атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары "жанды" форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берілетін болады.
Осы мақсатта "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар "Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция аясында 50 шақты ауыл тұрғындары қамтылды. Партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Сайлауалды бағдарламасы, қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінің, болашақта "Халық үніне құлақ асатын" Үкімет концепциясы негізінде барлық депутаттар қызмет атқаратыны жайлы айтылды. Ауыл тұрғындары "Партияға сенім мол. Біз әрқашан сіздер көрсетіп жатқан құқықтық, әлеуметтік көмектерді алып, қолдауын сезініп отырамыз, – деді ол.
"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді