Кері санақ: Құрылтай сайлауына 5 күн қалды

141

Еліміз үшін маңызды саяси науқан болатын күн жақындап келеді.

Кері санақ: Құрылтай сайлауына 5 күн қалды Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әкімдігінің мәліметінше осыған дейін елорданың бірқатар көрнекті нысанында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылған болатын. Арнайы ақпараттық таблолар алып шолу дөңгелегіне және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратына орналастырылды.

Сондай-ақ Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан 3D LED-экраннан да кері санақ көрсетіле бастады.

Экрандарда дауыс беруге дейін қалған күндер саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси оқиға еске салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу