Керлингші қыздарымыз Азия ойындарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

240

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тайбейінен басым түсті.

Керлингші қыздарымыз Азия ойындарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді Фото: ҰОК

10 ақпан күні керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасының сапында Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.

Топтық кезеңде отандастарымыз Тайбэй құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 0:14 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матч Астана уақытымен сағат 16:00-де Қытай құрамасына қарсы болмақ.

Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу