Қазақстанның керлингтен әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Таиландпен өткен матчта 9:1 есебімен жеңіске жетті.
Команда құрамында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемир, Ангелина Эбауэр және Екатерина Колыхалова (резервте – Регина Эбауэр) өнер көрсетті.
Ертең, 13 ақпанда, Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де құрамамыз Гонконгпен кездеседі. Осы матчтан кейін турнирдің жартылай финалистері анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін командамыз топтық кезеңде Оңтүстік Кореямен кездесіп, 8:2 есебімен жеңіліс тапты.
Сондай-ақ, бүгін 12 ақпан керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Тартысты бәсеке толық жеті эндке созылды.
Нәтижесінде, ұлттық құрамамыз 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс, екі жеңіліс бар.