Қазақстанның керлингтен ерлер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы матчта Қытайлық Тайбэй командасын 10:5 есебімен жеңді. Ойын мүмкін болатын 8 эндтің жетіуінде аяқталды.
Құрама сапында Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов және Арман Ержанов өнер көрсетуде.
Бұл жеңіс қазақстандықтардың Оңтүстік Кореямен бірге топ көшбасшыларына қосылуына мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл командалармен алғашқы бестікте Филиппин мен Қырғызстан құрамалары да бар.
Жартылай финалға жолдама алып, жүлдеге таласуды жалғастыру үшін біздің керлингшілер топтық кезеңде үздік үштікке енуі қажет. Әр топтың жеңімпаздары бірден жартылай финалға өтеді.