Кезекте тұрғандар қандай баспана алуға құқылы?

27506

2012 жылдан бастап баспана қажет адамдар саны екі есе өсіп, бүгінде 500 мың адамға жақындады. 

Кезекте тұрғандар қандай баспана алуға құқылы?

Елімізде меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ және оған қоса халықтың нақты бір санатына жататындар мемлекеттен қандай қолжетімді баспанаға үміттене алады. Алайда ол үшін кезекке тұру қажет. Кезекте тұрғандарға 2019 жылы қандай баспана ұсынылатынына толығырақ тоқталып өтейік.

Азаматтар өз кезегінің қалай жылжып жатқанын онлайн бақылау үшін    республикалық бірыңғай автоматтандырылған база құру жоспарлануда.  

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана 

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының бұл бағыты елімізде үшінші жыл жұмыс істеп жатыр. Мұндай жылжымайтын мүлікті жекешелендіруге және өз қалауы бойынша, яғни мұрагерлікке және т.б беруге болмайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпары бойынша, 2019 жылы сатып алу құқығынсыз 233,5 мың шаршы метр немесе 4548 пәтерді жалға беру көзделіп отыр.

2019 жылы еліміздің қалаларындағы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерді салу мен қайта қалыпқа келтіруге 30,0 млрд теңге бөлінген. Осының арқасында қосымша 1 мың пәтерге дейін пайдалануға беруге болады немесе жыл сайын шамамен 4 мың (бұған дейін жоспарланған 3 мың пәтердің орнына) пәтер салынатын болады. Сондай-ақ Ұлттық банкпен жалға берілетін баспаналар санын арттыруға жеке инвестицияларды тарту тетігі талқыланып жатыр. Осының есебінен қосымша 10 мың жалға берілетін пәтер салынып, 20 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Үміткерлер әкімдік сайтын немесе тұрғын үй басқармасынының кезекке тұруға құжаттар қабылдау туралы ақпарын қарап отыру керек. Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, құжаттарды электронды үкімет порталы арқылы беруге болады.

2019 жылы жалға берілетін пәтерлер қай жерлерде беріледі 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен кредиттік тұрғын үй

Бұл – "Нұрлы жер" бағдарламасының екінші бағыты, нақтырақ айтар болсақ, "Кредиттік тұрғын үй құрылысы". Бұл жағдайда жылжымайтын мүлікті сатып алуға болады. Жаңа салынған үйлерден әдемі әрленген пәтерлер шаршы метіріне елдегі ең төмен баға жылдық  5%-бен беріледі. Бастапқы жарна –баспана құнының 20%-ы.

Бағдарламаға сәйкес, 2016 жылы Ұлттық қордан мемлекеттік құнды қағаздарды шығару есебінен кредиттік баспана салу үшін 67 млрд теңге бөлінген. Осы бағыт шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға кредиттік тұрғын үй енгізу көлемін арттырады. Бұл үшін қаржыландыру арттырылады деп жоспарлануда. Қаражаттарды "револьверлік" приципі бойынша пайдалану көзделіп отыр.

Кредиттік тұрғын үйдің  кем дегенде 50%-ы жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарына беріледі, ал қалған 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшалары арасында бөлінеді. Кез келген уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің  қатысушысы болуға болады.

Кредиттік тұрғын үй қай жерлерде беріледі  

Әкімдіктен коммуналдық тұрғын үй

Қандай жылжымайтын мүлік коммуналдық қорға жатады? Тұрғын үй қатынастары туралы заңда коммуналдық тұрғын үй қоры –жергілікті атқарушы органдардың басқаруындағы тұрғын үй екені жазылған. Олар жылжымайтын мүлікті мұқтаж адамдардың пайдалануына беретін арнайы мемлекеттік мекемелерге бекітілген.  

Пәтер тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Бұл ретте елорда мен республикалық маңызы бар қала тұрғындарының 3 жыл тіркеуде болуы талап етіледі.

Бұл тұрғын үйлерге кезекте тұрғандар ішінен төмендегі келесі азаматтардың құқы бар:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер; 
- Жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; 
- Баспана беру туралы өтініш берер алдындағы соңғы 12 айдағы орташа айлық жиынтық кірісі отбасының әр мүшесіне шаққанда республикалық бюджет туралы заңның тиісті қаржылық жылына бекітілген күнкөріс шамасының 3,1 мөлшерінен төмен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары (ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, жасына байланысты зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар). Аталған коэффицент мүгедек-балаларға таратылмайды.
- мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлер, әскерилер, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері және мемлекеттік таңдаулы лауазымда отырған тұлғалар;
- апатты үйлердің тұрғындары;

Пәтерлерді тәуелсіз бағалау компаниясына тапсырыс беріп, нарықтық бағада жекешелендіруге болады. Кезекте тұрған адам тұрғын үй бірден сатып ала алмайтын жағдайда оның құнының 30%-ын төлеу керек, ал қалған соманы 10 жылға пайызсыз бөліп тастауға болады.

Сонымен қатар кезекте тұрған адамға жекешелендіруді бірнеше жылдан кейін жасаған тиімді, өйткені жыл сайын тұрғын үй нысанының құнын бағалауда 2% тозц есептеледі. Яғни 10 жылдан кейін пәтер 20%-ға арзан болады.

Дегенмен көбінесе кезекте тұрғандардың кірісі төмен болады да жекешелендіруге бере алмайды, сөйтіп бастапқыда жасалған жалға алу келісімшарты бойынша тұра береді. Жалға алу төлемі жылсайын бекітіледі. Есептеу барысында қаланың ауданы, үйдің қабырғасының материалы, пәтердің ауданы ескеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу