Онда мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шықты.
Кездесу 12 раундқа жоспарланды. Алғашқы раундтарда қос боксшы бір-бірінің осал тұсын аңдып, сақ қимылдады. Уақыт өте келе қарқын үдей түсті. Кроуфордтың жылдамдығы мен дәлдігі басымдық танытып, ол тактикалық тұрғыда Альваресті қыспаққа алуға тырысты.
Жекпе-жек соңына дейін жетті. Қорытындысында төрешілер бірауыздан америкалық боксшыны жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Теренс Кроуфорд орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.
Бұл Альварестің соңғы жылдардағы ең үлкен жеңілістерінің бірі болды. Мексикалық боксшы бұған дейін, 3 мамырда кубалық Уильям Скаллды (23-1, 9 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен (115-113, 116-112, 119-109) ұтқан еді.
Ал Кроуфорд бұл жеңіспен өз мәртебесін тағы да нығайтты. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 тамызында өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-2-1, 7 КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен (115-113, 116-112, 115-113) айқын басымдықпен жеңген болатын.