ҚФФ қыздар футболында инновациялық жоба бастады

1226

UEFA Playmakers жобасы 5 пен 8 жас аралығындағы бұрын соңды футбол ойнамаған қыздарды футболға шақыруға бағытталған.

ҚФФ қыздар футболында инновациялық жоба бастады Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА және Disney компаниясымен бірлесіп UEFA Playmakers инновациялық жобасын іске қосты. Бағдарламаның мақсаты - достармен қарым-қатынас орнату, ойын-сауық пен футбол ойнайтын орта құру, жаттығудың жаңа әдістерін енгізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Осы пилоттық жобаны іске қосу арқылы Астанадағы балабақшалардың дене шынықтыру мұғалімдері Disney-дің танымал анимациялық фильмдерінен шабыт алып, оқу процесін  шығармашылық бірегей әдістеме бойынша жүргізеді. 26-27 тамызда елордадағы балабақшалардың дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған тренингті жоба аясында УЕФА онлайн-семинарын сәтті аяқтаған ҚФФ нұсқаушылары өткізеді.

Тренинг осы жобаны іске қосудың барлық тетіктерін түсіндіруге бағытталады. Сарапшылар деректер жинау және қатысушылардың үлгерімін бақылау туралы әңгімелейді, сондай-ақ оқу процесін қалай жүргізу керектігі туралы құнды кеңестер береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу