Биыл элиталық дивизиондағы шайбалы хоккейден өтетін Әлем Чемпионатына Қазақстан құрамасы қатыспауы мүмкін, - деп сәрсенбі күні Халықаралық хоккей федерациясының вице-президенті Калерво Куммола хабарлаған болатын. Ол Ilta-Sanomat басылымына берген сұхбатында Қытайдағы короновирустың әлемге таралуына байланысты IIHF элиталық чемпионатты қысқартылған форматта өткізуді жоспарлап отырғаны жайлы айтты.
"Қазіргі таңда Қазақстан құрамасын Әлем чемпионатының қатысушылары арасынан ешкім де ресми түрде шығарған жоқ, - деді Каратаев Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында. – Әрине, IIHF турнир алдында Швейцарияның эпидемиялық жағдайы алаңдатады. Бұл осындай ірі халықаралық жарыстың ұйымдастырушылары тарапынан дұрыс деп ойлаймын. Бірақ, олар енді дүниежүзілік біріншіліктің алдағы тағдыры жайлы Швейцария билігінің шешімінен кейін ғана нақты ақпарат береді.
ҚХФ бас хатшысының пайымдауынша швейцариялық ұйымдастырушылар тарапынан нақты жауап шамамен екі аптадан кейін белгілі болады. Оған қоса Каратаев короновирустың топ-девизионда өнер көрсететін Швейцариядан басқа Италия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Латвия, Ресей және Белорусияда да тіркелгені жайлы атап өтті.
"Біз аталған мемелекеттердің турнирден қысқартылуына негіз жоқ деп санаймыз. Өйткені ойынға билет алған, қонақүйлерге алдын ала тапсырыс берген жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері бар емес пе? Және бұдан да басқа сұрақтар жетерлік. Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Біз жанкүйерлерімізбен бірге Әлем чемпионатына қатысуға толықтай дайынбыз", - деді Каратаев.
IIHF-тің медициналық комитеті турнирлердің барлығының уақытын ауыстыруды немесе мүлде өткізбеуді ұсынған еді.
"Егер наурыз айының ортасына дейін Швейцария билігі жоспарланған іс-шаралардың барлығын тоқтататын болса, біз ештеңе істей алмаймыз. Жақын арада аурудың таралуы тоқтайды деп үміттенеміз, - деді Халықаралық федерация өкілі.
Жоспар бойынша хоккейден Әлем чемпионаты мамыр айында Лозанна және Цюрих қалаларында, 16 команданың қатысуымен өтуі тиіс. Қазақстан құрамасы жеребе бойынша Латвия, Норвегия, АҚШ, Ресей, Финляндия және Италия командаларымен бірге В тобына түскен болатын.
Ермұхамед Мәулен