ҚХЛ. "Барыс" ¼ финалда "Металлургты" жеңді

1628

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы Гагарин кубогінің алғашқы ойынында Магнитогорскінің "Металлургін" жеңді.

ҚХЛ. "Барыс" ¼ финалда "Металлургты" жеңді

Матчтағы есепті екінші кезеңде Томаш Юрчо ашты. Үшінші кезеңде шведтік екі шабуылшы гол соқты. Алдымен Якоб Лилья есеп айырмасын екі голға дейін жеткізді (2:0), содан кейін елордалық команданың бұрынғы ойыншысы Линус Виделль плей-офф кезеңіндегі алғашқы голын соқты (2:1). Ойынның 49 минутында "Барыс" сапынан Томаш Юрчо дубль жасады. Ал 52 минутта ресейлік командадан Голдобин есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп 3:2.

Қарымта матч 3 наурызда Магнитогорскіде өтеді. Содан кейін хоккейшілер Нұр-Сұлтанда кездеседі.

"Металлург" - "Барыс" арасындағы ¼ финалдың бірінші ойынынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

"Бүгін біздің команда жақсы жұмыс атқарды. Біз қарсыласқа қысым жасадық. Бірінші кезеңнен бастап белсенді ойнай бастадық. Бұл бізге шабуыл аймағында ұзағырақ қалуға мүмкіндік берді. Гол соғатын көптеген мүмкіндіктеріміз болды. Қорғаныста жақсы ойнадық. Өкінішке орай, пенальти өте көп болды. Әрине, мұндай мықты қарсыласқа қарсы матчта тәртіпті ойнау керек", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Біз үшін матч жақсы басталды деп айта алмаймын. Екінші кезеңде қарсы шабуылда жеңілдік. Дайындығымызға қарай нәтижесі де сондай болды. Бірақ бүгінгі жіберген қателіктеріміз жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді", – деді "Металлург" ХК бас бапкері Илья Воробьев.

"Металлург" - "Барыс" 2:3 (0:0, 0:1, 2:2)

0:1 – 22:44 – Юрчо (Куник)

0:2 – 40:52 – Лилья

1:2 – 47:56 – Виделль (Дронов, Яковлев) 

1:3 – 49:40 – Юрчо (Куник, Вей) 

2:3 – 52:21 – Голдобин

ҚақпашыларОлкинуора – Ортио

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу