"Барыс" сегізінші рет қатарынан жеңіліп қалды

343

Қазір турнир кестесінде "Барыс" 29 ұпаймен 23-орында тұрса, "Северсталь" 58 ұпаймен 16-орында келеді.

"Барыс" сегізінші рет қатарынан жеңіліп қалды Фото: КХЛ

Қазақстандық "Барыс" командасы бүгін, яғни 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің "Адмирал" (Владивосток) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Кездесуде қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашты. Оны 2-минутта команда капитаны Роман Старченко өзінің еншісіне жазды.

Одан кейін ресейлік клуб қатарынан 4 шайба соғып кетті. Бұл сәтте Никита Сошников 14, Степан Старков 23, Егор Петухов 40, Аркадий Шестаков 47-минутта мергендік танытты.

Ойынның 50-минутында қазақстандық клубтан Дінмұхамед Қайыржан есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша, "Барыс" қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберіп, қатарынан сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 26 ақпанда Ресейде "Металлург" (Магнитогорск) клубына қарсы өткізсе, одан кейін 28 ақпанда "Лада" (Тольятти), 2 наурызда "Трактор" (Челябі) командаларымен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу