ҚХЛ. "Барыс" "Сібірге" жол берді

1970

Биылғы жылдың соңғы матчтарының бірінде "Барыс" өз алаңында "Сібір" командасын қарсы алды.

ҚХЛ. "Барыс" "Сібірге" жол берді

Новосібірліктер Қазақстанға өз алаңында "Салават Юлаевтан" 1:3 есебімен жеңілгеннен кейін келді. Кездесуге дейін Николай Заварухиннің шәкірттері Шығыс конференциясында тоғызыншы орында еді.

Ал Нұр-Сұлтандық ұжым өткен турда "Амур" командасын 5:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Якоб Лилья дубльмен көзге түссе, Роман Старченко, Кертис Волк және осы маусымда өзінің алғашқы шайбасын салған Әлихан Әсетовтар қарсыластар қақпасына гол соқты. Соңғы рет екі команда қазан айының соңында Новосібірде кездескен болатын. Ол уақытта ресейлік команда 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы өз алаңындағы матчтар сериясының екінші кездесуінде "Барыс" Сібірден жеңіліп, бес матчтық жеңіс сериясын үзді. Шабуылшы Захар Пархоменко бұл ойында ҚХЛ-да алғашқы кездесуін өткізді. Ол Егор Петуховты алмастырды. Кирилл Панюков та құрамға қайта оралды.

Айдын қожайындары есепті өте жылдам ашты. Вароне қапталда қарсыластарымен шайбаға таласты. Содан кейін Панюков Фраттинге пас шығарды. Нәтижесінде "Барыстың" 39-шы нөмірлі ойыншысы қақпаға соққыны дәл бағыттады. "Сібір" екінші кезеңнің ортасында тамаша ойнай бастады. Гуркин Ортионың қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестірді. Сайустов үшінші кезеңнің басында қонақтарды алға шығарды. Ал Руохома матчқа нүкте қойды. Ол ойын аяқталуға аз уақыт қалғанда алаң қожайындардың бос қақпасына гол соқты. Нәтижесінде кездесу 1: 3 есебімен, қонақтардың пайдасына аяқталды.

 "Барыс" - "Сібір" (1: 0, 0: 1, 0: 1)

1:0 – 03:26 – Фрэттин (Панюков, Вароне)

1:1 – 31:07 – Гуркин (Руохомаа, Пуустинен)

1:2 – 40:48 – Саюстов (Чесалин)

1:3 – 59:46 – Руохомаа (Пуустинен) ПВ

30-желтоқсанда "Барыс" биылғы жылдың соңғы матчында Магнитагорскінің "Металлург" командасымен өз алаңында кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу