ҚХЛ. "Барыстың" 6 кездесуі кейінге шегерілді

1625

Елордалық хоккей клубының 12 ойыншысынан  коронавирус табылды.

ҚХЛ. "Барыстың" 6 кездесуі кейінге шегерілді

"Барыстың" хоккейшілері мен бапкерлік штаб қызметкерлері коронавирусқа тест тапсырып, 12 хоккейшінің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Команда карантинге жіберілді. Ал Құрлықтық Хоккей Лигасының алты матчы кейінге шегерілді.

"Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметінің өкілі Евгений Акмановтың айтуынша коронавирус табылған барлық ойыншыларда ауру симптомсыз өтуде. Сондықтан хоккейшілер карантинге уақытша үйлеріне жіберілді. Соған қарамастан олардың барлығы медициналық штабтың бақылауына алынды.

Клуб басшылығы ойыншылар тезірек жазылып, команда КХЛ-да өнер көрсетулерін одан ары жалғастырады және мұндай жағдай екінші рет қайталанбайды деп үміттенеді.

Сонымен қатар ерлер арасында хоккейден Қазақстан чемпионаты да кейінге қалды. Бұл туралы Қазақстан Хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай шешім хоккейшілер арасында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты шығарылды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан чемпионаты 19-қыркүйек басталуы тиіс болатын.
"Чемпионаттың қай күні басталатыны туралы шешім коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында қабылданады. Жарыстың басталу күні белгілі болғаннан кейін чемпионаттың жаңартылған күнтізбесі жарияланады", - делінген хабарламада.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу