Елордалық команда екінші минутта есеп ашты. Ойыншылар басымдығын пайдаланған қонақтар сапынан Якоб Лилья гол соқты. Дегенмен үзіліске дейін де "Металлург" Андрей Чибисов пен Георгий Дроновтың дәл соққыларының арқасында алға шықты. Келесі кезеңдерде де айдын иелері тамаша өнер көрсетті. Олар басымдықты қолға алып, тағы да гол соғуға бірнеше талпыныс жасап, нәтижесінде жеңіске жетті. Қорытынды есеп 6:2. Кездесу магнитагорскілік команданың пайдасына аяқталды.
¼ финалдағы "Металлург" - "Барыс" (6:2) арасындағы екінші ойынынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
"Кездесу жақсы басталды. Бүгін қарсыластың қысым жасайтынын білдік. Сондықтан алдын ала дайын болдық. Біз ойыншылар басымдығын сәтті пайдаландық. Бірақ кейін бізде тіртіп бұзушылық көп болды. Хоккейшілеріміз соққыларға аз тосқауыл қойды, қақпашыға да аз көмектесті. Сондықтан нәтиже осындай болып отыр", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.
"Біз өте белсенді ойнадық. Жігіттерден күткен нәтиже де осы болатын. Басым көпшілігі жақсы жұмыс істеді. Хоккейшілеріміз мұндай жеңіске лайықты", – деді "Металлург" ХК бас бапкері Илья Воробьев.
Осылайша, серия 1-1 есебімен теңесті. Енді үшінші және төртінші кездесу 5 және 7 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Содан кейін командалар 9 наурызда Магнитогорск қаласында қайта кездеседі.
"Металлург" - "Барыс" 6:2 (2:1, 3:0, 1:1)
0:1 – 01:16 – Лилья (Михайлис, Волк)
1:1 – 05:27 – Чибисов
2:1 – 15:27 – Дронов (Неколенко, Никонцев)
3:1 – 21:56 – Чибисов (Яковлев, Лайпсик)
4:1 – 30:06 – Майе (Хультстрём) ГБ
5:1 – 32:56 – Лайпсик (Майе, Коробкин)
6:1 – 45:41 – Карри (Кошелев, Лайпсик)
6:2 – 57:04 – Берглунд (Морроу, Вей)
Қақпашылар: Кошечкин – Ортио (Бояркин, 25:54-31:06, 40:00-60:00)
Ермұхамед Мәулен