ҚХР-дың ірі құрылыс компаниясы Қазақстан нарығына келді

18765

Бұл компанияның Африкада әуежайлар, тұрғын үйлер, өндірістік нысандар салуда  үлкен тәжірбиесі бар. 

ҚХР-дың ірі құрылыс компаниясы Қазақстан нарығына келді

Weihai International Economic&Technical Cooperative Co., Ltd (WIETC) 25 жылдан артық жұмыс істеп отырған компания. Оның негізгі жобалары Қытайдан (Африка, Азия, Оңтүстік Америка) тысқары жерлерде іске асқан. Қазіргі таңда әлем бойынша 20-дан астам өкілдіктері мен еншілес компаниялары ашылған. Компанияның 800 адамнан тұратын тұрақты қызметкерлер штаты бар, қазіргі құрылыс жобаларына 10 000 жұмыскер тартылған.

2016 жылдың шілде айында Қазақстанда компнаияның еншілес компаниясы "Қазақстан Дженвэй Техника" ЖШС тіркелді.  "Қазақстан Дженвэй Техника" ЖШС  директоры Лэй Дунның айтуынша, қазіргі уақытта жергілікті компаниялармен және мемлекеттік мекемелермен Астана мен Алматы қалаларында салынатын жобаларға қатысты келіссөздер жүргізілуде. Келешекте компания ол өңірлерге де шығуы мүмкін.

"Қазақстан нарығымен өткен жылдан бастап таныстық, қазір осы жерде әуежайлар, стадиондар, жолдар және басқа да нысандарды салуға дайынбыз. Біз технологиялар мен Африкадағы жұмыс тәжірбиемізді ұсына аламыз. Африкада бес әуежай салдық, мұның барлығы ірі жобалар",- дейді Лэй Дун.

Оның айтуынша, олардың компаниясы инфрақұрылымдық жобалардың үлкен бөлігін Африкада іске асырған. "Біздің жұмыс істеу кестеміз бойынша тапсырыс берушімен бірлесіп жоба дайындаймыз. Қажет болған жағдайда қытайдың мемлекеттік банктерінен қаржыландыруға көмектесе аламыз. Несиені тапсырыс беруші компания немесе жергілікті орган ала алады. Қытай банктері шетелдегі жобаға қытайлық компания қатысатын болса, оларды қаржыландыратыны белгілі",- деп түсіндірді Лэй Дун.

WIETC бизнес-стратегиясы Қазақстан нарығына шыққаннан кейін Орталық Азияның басқа елдеріне шығуды болжайды. Егер Қазақстандағы  жұмыстың бірінші кезеңінде компания құрылыс салуға және жобаларды дайындауға  көмектессе, ал келесі кезекте құрылыс және басқа жобаларды өздігінен қаржыландыруы мүмкін.

WIETC компаниясы әуежайлар, стадиондар және көлік жолдарын салудан басқа канадалық тау-кен өндіруші компания үшін тұрғын үй ауданын, Африка ойындары-2015 үшін жалпы көлемі 48 мың шаршы метр болатын 200 үй мен инфрақұрылымды, жеке компаниялар үшін кеңсе және министрлік ғимараттарын салған, сонымен қатар сумен жабдықтау және канализация бойынша бірнеше жобаларды іске асырған.

Дина Ермаганбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу