Ким Чен Ын әскерді толық жауынгерлік әзірлікке келтіруге шақырды

403

Пхеньянда Корея халық армиясы рота командирлерінің кезекті слеті өтті.

Ким Чен Ын әскерді толық жауынгерлік әзірлікке келтіруге шақырды Фото: nv.ua

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын әскерді нығайтуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы  КХДР Орталық телеграф агенттігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз жүргізіп жатқан армия реформасында рота ең маңызды орынға ие. Ротаға басымдық беру және оны нығайту арқылы қуатты армия құру бағыты – қысқа мерзімде бүкіл армияның келбетін жаңартудың ең тиімді жолы", – деді КХДР басшысы. 

Анадолы агенттігінің жазуынша,  Солтүстік Корея басшысы бөлімшелердің соғысқа толық әзірлігін қамтамасыз ету үшін әскери іс-қимыл дайындығын аяқтауға шақырды. 

21 қыркүйекте демилитаризацияланған аймақта мина жарылысы салдарынан оңтүстіккореялық 3 сарбаз зардап шекті. Бұл оқиғадан кейін Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы шиеленіс күшейді. Сеул болған жағдайға Пхеньянды айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу