Yonhap-тың жазуынша, КХДР көшбасшысы партия съезінде Корея Еңбек партиясының бас хатшысы қызметіне қайта келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Ким Чен Ын ескі де жаңа қызметін қайтадан атқаратын болды.
Кореяның Орталық телеграф агенттігі партияның IX съезі партияны нығайту, дамыту және ұлттың өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында өткенін мәлім етті. Сонымен қатар, олар жолдас Ким Чен Ынды бас хатшы қызметіне қайта сайлау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Шешім Корея Халық Демократиялық Республикасының Еңбек партиясы съезінің төртінші күні қабылданған. Съезд қорытындысында алдағы 5 жылға арналған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары айқындалады деп болжанып отыр. Олардың қатарында экономика, қорғаныс және сыртқы байланыстар секілді мәселе бар.
Бұған дейін Ким Чен Ын небәрі 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатқанын жаздық.