Кім қылмыс жасайды, сол жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады – Президент

42

Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз.

Кім қылмыс жасайды, сол жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады – Президент Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайталап айтамын: ешкім де заңнан биік емес. Бұл талап, әсіресе, "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қатаң сақталуы қажет. Осы мәселемен айналысатын арнайы комиссия өз жұмысын бастайды. Мына нәрсені әрдайым қаперде ұстаған жөн. Кім қылмыс жасайды, сол міндетті түрде жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады. Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз", – деді Президент.

Оның айтуынша, халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек.

"Әрине, біз азаматтардың елге сіңірген еңбегін жоққа шығармаймыз. Бірақ кешегі жетістігін бұлдап, арқаны кеңге салып жүруге кімнің болса да, хақы жоқ. Мен үшін адамның шыққан тегі, лауазымы емес, нағыз іскер болғаны маңызды. Жалпы, іскерлік – мемлекеттік билік жүйесіне ғана емес, барлық салаға қажет дағды", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу