Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары ресми кездесулерде 5 мәрте кездескен. Бір ойында қазақстан құрамасы басым түссе, екі кездесу тең аяқталған, ал екі матч Өзбекстан құрамасының пайдасына аяқталыпты. Ал ең алғашқы матч осыдан 30 жыл бұрын ойналған екен. Орталық Азия кубогы жарысындағы матчта Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Гол авторы Руслан Дүзмамбетов.
№3. ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН - 1:0 (1:0). Орталық Азия кубогы
Гол: Дузмамбетов, 25 (1:0)
ҚАЗАҚСТАН: Кафанов, Қожабергенов (к), Пасько, Айманов (Сысоев, 87), Есмұратов, А.Мирошниченко (Сләмбеков, 82), Капустников (Найдовский, 46), Нидергаус (Яблочкин, 75), М.Сыздыков, Масудов, Дузмамбетов (Поведёнок, 70). Бас бапкер - Б.Байсейітов
ӨЗБЕКСТАН: Жаббаров, М.Алиев, Макаров, Рузимов, Иргашев, Дурманов, Белялов, И.Шарипов (Ходиев, 65), Хасанов (О.Усманходжаев, 48), А.Абдураимов (к), Абдуллаев. Бас бапкер - Рустам Акрамов
Ескертулер: Рузимов, 54 (У)
16.07.1992. Алма-Ата, Орталық ст. 1 000. Төреші: Валерий Урунов (Тәжікстан)
Алдыңғы матч Қазақстан құрамасының тарихындағы нөмірі үшінші кездесу болса, бұл жолғы ойын реттік нөмері бойынша алтыншы еді. Алматыда өткен ойынның жауапты кездесуі Ташкенттегі "Пахтакор" стадионында ойналды. Бұл матчта да Руслан Дүзмәмбетов гол салды. Алайда, араға 11 минут салып Абдураимов таразы басын теңестірді. Бақтияр Байсейітов баптаған Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матчта 4 ұпай еншіледі.
№6. ӨЗБЕКСТАН — ҚАЗАҚСТАН - 1:1 (1:1). Орталық Азия кубогы
Голдар: Дузмамбетов, 16 (0:1), А.Абдураимов, 27 (1:1)
73-мин. А.Абдураимов (У) пенальти соға алмады
ӨЗБЕКСТАН: Алланиязов, Рузимов, Магаметов, Белялов, Тихонов, Хасанов, Макаров, Абдуллаев (Пятницкий, 46), Синелобов (Нарзыкулов, 46), А.Абдураимов (к), Забиров (Максудов, 54). Бас бапкер - Рустам Акрамов
ҚАЗАҚСТАН: Кафанов, Жұмаханов, Пасько, Айманов, Есмұратов (к), Сләмбеков (Мирошниченко, 46), Павлюченко, Курганский (Капустников, 46), Дузмамбетов (Әубәкіров, 79), Масудов, Анашкин. Бас бапкер - Б.Байсейітов
Ескертулер: А.Абдураимов, 80 - Сләмбеков, 22
14.10.1992. Ташкент, Орталық ст. "Пахтакор". 3 500. Төреші: Абдулғани Раджапов (Қырғызстан)
Араға 2 жыл салып Қазақстан құрамасы тағы да Өзбекстанмен қарсылас атанды. Бұл жолы Өзбекстан мемлекетінің тәуелсіздігінің кубогы жарысы аясында. Матчтың басым бөлігі тең өтіп жатты. Жалпы алғанда ойынның нәтижесі 0:0 болып бітуі тиіс болатын. Бірақ, 77 минутта күмәнді пенальтиден алаң иелері гол салып кетті. Десе де, Бауыржан Баймұхамедовтың шәкірттері сүбелі ойын өрнегін көрсетті деп айта аламыз.
№9. ӨЗБЕКСТАН — ҚАЗАҚСТАН - 1:0 (0:0). Өзбекстан тәуелсіздігінің кубогы
Гол: Тихонов, 77, пенальтиден (1:0)
ӨЗБЕКСТАН: Алланиязов, Давлетов, Фёдоров, Рузимов, Тихонов, Тилляев, Атаджанов, Марифалиев (Кельдиев, 89), Абдуллаев, Максудов (к) (Хасанов, 46), Дурманов. Бас бапкер - Рустам Акрамов
ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Гумар, Лисин, Мұсатаев, Сләмбеков, Капустников, Курганский (к) (Курдюмов, 60), Тұрмағамбетов (Низовцев, 75), Макаев, А.Мирошниченко, Әубәкіров. Бас бапкер - Б.Баймұхамедов
Ескертулер: Тилляев, Тихонов
13.04.1994. Ташкент, Орталық ст. "Пахтакор". 45 000. Төреші: Абдураим Бабаев (Тәжікстан)
1997 жылы Қазақстан құрамасы Серік Бердалиннің баптауымен Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысты. Алғашқы айналымда қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмаған отандастарымыз екінші кезеңге жолдама алды. 5 командадан тұратын топта екінші орын алса Франция жерінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алар еді. Сол екінші кезеңдегі қарсыластарымыздың бірі Өзбекстан болды. Алматыдағы алғашқы матчта командалар тең түсті. Руслан Балтиев соққан голға Максим Шацких жауап қатты. Ол сол кезде атақты "Динамо" Киев сапында өнер көрсетіп жүрген.
№26. ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН - 1:1 (0:0). Іріктеу жарысы. ӘЧ-1998 (2-кезең)
Голдар: Балтиев, 84, пенальтиден (1:0), Шацких, 85 (1:1)
ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Садуов (к), Спарышев, Осипов, Тимофеев (Зубарев, 72), Фамильцев, Ниязымбетов (Балтиев, 46), Құлшынбаев, Евтеев, Литвиненко, Мазбаев (Логинов, 46). Бас бапкер - С.Бердалин
ӨЗБЕКСТАН: Бугало, Алиев, Фёдоров, Базаров, Камбаралиев, Ширшов, Марифалиев (Рахманкулов, 38), И.Шарипов (Е.Назаров, 46), Шаймарданов, Шквырин (Хабибулин, 70), Шацких. Бас бапкер - Рустам Мирсадыков
Шарипов, 42, Ширшов, 52, Шацких, 83, Бугало, 83, Фёдоров, 89 (все - У)
20.09.1997. Алматы, Орталық стадион. 12 000. Төреші: Ахмад Набил Аяд (Ливан)
Араға ай салып қос құрама қайта кездесті. Бұл кезде Оңтүстік Корея мен Жапониядан жеңіліп қалған Қазақстан құрамасында Әлем чемпионатына жолдама алатын еш мүмкіндік қалмаған болатын. Өзбекстан құрамасы 25 мың жанкүйердің алдында барын салып, әрбір мүмкіндігін молынан пайдаланды. Мирджолол Қасымовтың жарқырап енді шығып келе жатқан кезі еді. Сол матчта алаңға жас талант Жафар Ирисметов алмасып шыққанын да айта кетейік.
№30. ӨЗБЕКСТАН — ҚАЗАҚСТАН - 4:0 (3:0). Іріктеу жарысы. ӘЧ-1998 (2-кезең)
Голдар: Шквырин, 17 (1:0), Шквырин, 32 (2:0), Фёдоров, 44 (3:0), М.Қасымов, 72 (4:0)
ӨЗБЕКСТАН: Бугало, Ашурматов, Фёдоров, М.Қасымов, Қамбаралиев, Ширшов (Турсунов, 56), И.Шарипов (Марифалиев, 69), Шаймарданов, Пирматов, Абдураимов, Шквырин (Ж.Ирисметов, 74). Бас бапкер - Бира Вейга (Бразилия)
ҚАЗАҚСТАН: Ишутин, Юрист (Ахмедов, 46), Спарышев, Осипов, Фамильцев, Балтиев, Котов, Евтеев (Құлшынбаев, 58), Тётушкин, Есмағамбетов, Зубарев (Логинов, 33). Бас бапкер - С.Бердалин
Ескертулер: Ашурматов, 84, Қамбаралиев, 88 - Есмағамбетов, 89
25.10.1997. Ташкент, "Пахтакор" стадионы. 25 000. Төреші: Хасан Абдулла Әл-Аджми (Оман)
Ортада "Наурыз кап" жарысында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара кездескенін де айта кетуіміз керек. Бұл ойындар бейресми матчтар болғандықтан есепке алмадық. Алайда Шымкент қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы басым түскен. Енді міне, 5 ресми кездесуден кейін 6 ойынды тағатсыздана күтеміз. Жеке ойындардағы таразы басын теңестіру үшін Қазақстан құрамасына жеңіс қажет. Сырт алаңдағы ойыннан қазақ жанкүйерлері сый күтетіні анық.
Ермұхамед Мәулен