Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте 19 сатыға көтерілді

443

Қазіргі таңда ол Дюссельдорфта өтіп жатқан турнирге қатысуда.

Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте 19 сатыға көтерілді Фото: gov.kz

Халықаралық үстел теннисі федерациясы жариялаған жаңартылған әлемдік рейтинг қазақстандық жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық әкелді. Ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген Кирилл Герасименко бірден 19 орынға жоғарылап, 74-сатыдан 55-орынға көтерілді.

Айтарлықтай серпіліс спортшының беделді WTT Singapore Smash турниріндегі сәтті өнерінің арқасында жүзеге асты. Герасименко жарыс барысында төрт қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 1/16 финалға дейін жетті. Нәтижесінде, ол 100 рейтингтік ұпай жинап, әлемдік рейтингтегі жағдайын едәуір жақсартты.

Айта кетейік, енді қазақстандық теннисшіні жаңа сынақ күтіп тұр. 2 наурыз күні Дюссельдорф қаласында WTT Feeder Düsseldorf турнирі басталды. Аталған жарысқа Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының үздік спортшылары қатысуда.

Қазақстан құрамасы бұл додаға мықты құраммен аттанды. Ел намысын Кирилл Герасименкомен қатар Дастан және Айдос Кенжигуловтер, Санжар Жұбанов, Искендер Харки, Ирисбек Артукметов, Бақдәулет Әкімали және Сарвиноз Миркадирова қорғауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу