Кирилл Герасименко Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

237

Қазақтың үздік үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жеке сында топ жарды.

Кирилл Герасименко Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы атанды Фото: Тұрар Қазанғапов

Ар-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Финалда ол Мысыр спортшысы Омар Мұхаммед Ассарды 4:1 есебімен ұтып, 2024 жылғы Олимпиададағы жеңілісі үшін қарымта алды.

Парижде өткен Олимпиада ойындарының 1/8 финалында Герасименко алғашқы екі партияны жеңгенімен, жалпы есепте 2:4 есебімен қарсыласына есе жіберген болатын.

Бұл жеңіс Кириллді Ислам ойындарының екі дүркін чемпионы атандырды. Бұған дейін ол командалық сайыста Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжігүловпен бірге алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 35 медаль бар: 10 алтын, 12 күміс және 13 қола.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу