Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

247

Қазақстандық үстел теннисшілері Қытайдағы халықаралық турнирде ел намысын қорғап жатыр.

Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады Фото: ҰОК

Бейжіңде жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын "China Smash 2025" турнирі өтіп жатыр. Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында Кирилл Герасименко Мальта спортшысы Амирреза Аббасиден басым түсті.

27 қыркүйекте ол "Вердер" клубындағы командаласы, жұптық сайыста әлем чемпионы атанған швед Маттиас Фалькпен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің іріктеу кезеңі 25-27 қыркүйек аралығында өтуде. Негізгі жарыста әлемдік рейтингтің үздік ондығындағы жұлдыздар өнер көрсетеді: Ван Чуцинь мен Линь Шидун (Қытай), Уго Кальдерано (Бразилия), Томокази Харимото (Жапония), Трулс Морегард (Швеция), Лян Цзинкунь (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Бенедикт Дуда (Германия), Сян Пэн (Қытай), Дарко Йоргич (Словения) және тағы басқалар.

Қазақстандық спортшылардың қатарында Кирилл Герасименкомен бірге Зәуреш Акашева да іріктеуде бақ сынайды. Ол қытайлық Яо Жуйсюаньға қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу