Кирилл Герасименко Лас-Вегастағы супертурнирге қатысады

220

Турнирдің жүлде қоры 1 550 000 АҚШ долларын құрайды.

Кирилл Герасименко Лас-Вегастағы супертурнирге қатысады

3-13 шілде аралығында Лас-Вегаста үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир өтеді.

Бұл жарыста әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыз бақ сынамақ. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар: Линь Шидун (Қытай, №1), Ван Чуцинь (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Харимото Томокази (Жапония, №4), Лян Цзинкунь (Қытай, №5), Трулс Морегард (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джу (Тайбэй, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10).

Қазақстандық Кирилл Герасименко турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – Бельгияның үш дүркін чемпионы Мартин Аллегро.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу