Кирилл Герасименко Пекиндегі турнирде сенсация жасады

283

Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко Пекиндегі халықаралық "China Smash 2025" турнирінде сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Кирилл Герасименко Пекиндегі турнирде сенсация жасады Фото: ҰОК

Іріктеу кезеңінің екінші айналымында ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швед спортшысы Маттиас Фалькті тартысты ойында 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Енді Герасименко үшінші айналымда командалық Әлем кубогының қола жүлдегері Томас Джарвисонмен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 2 миллион доллардан асады. Іріктеу кезеңі бүгін аяқталып, 28 қыркүйекте негізгі жарыс басталады.

Онда әлемдік рейтингтің үздік ойыншылары сынға түседі. Олардың қатарында Қытай жұлдыздары Ван Чуцинь мен Линь Шидун, бразилиялық Уго Кальдерано, жапондық Томокази Харимото, швед Трулс Морегард, қытайлық Лян Цзинкунь, француз Феликс Лебрун, германиялық Бенедикт Дуда, тағы басқа мықтылар бар.

Осылайша, Кирилл Герасименко Қазақстан атынан ірі жарыстың негізгі кезеңіне өтуді мақсат етіп, сенімді қадам жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу