Кирилл Герасименко үстел теннисінен Сингапурда өткен турнирде өнер көрсетті

103

"WTT Singapore Smash 2026" турнирінің жүлде қоры 1млн. 550 000 долларды құрайды. 

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Сингапурда өткен турнирде өнер көрсетті

Сингапурда өтіп жатқан халықаралық үстел теннисі турнирінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко сәтті өнер көрсетті.

1/16 финалда отандасымыз әлемнің үшінші ракеткасы, екі дүркін Әлем кубогының иегері, Азияның үш дүркін чемпионы Линь Шидунмен (Қытай) кездесті. Тәжірибесі мол әрі титулға бай қытайлық спортшы бұл ойында 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Дегенмен, Кирилл Герасименко турнир барысында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Ол жалпы есепте 100 рейтингтік ұпай жинап, төрт сенімді жеңіске қол жеткізді. Атап айтқанда, румыниялық Овидиу Ионескуды 3:1, швециялық Маттиас Фалькты 3:1, бельгиялық Сендрик Нюйтинкті 3:2 және англиялық Том Джарвисті 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл ұпайлар Кирилл Герасименконың әлемдік рейтингтегі орнын нығайтуға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу