Кирилл Кекер: "Бірінші матчтың нәтижесіне қарамаймыз"

1446

Бүгінгі ойынға Покатилов, Баньяк, Косович, Пауло, Сүйімбаев қатыса алмайды.

Кирилл Кекер: "Бірінші матчтың нәтижесіне қарамаймыз"

Шілденің 28-нен 29-на қараған түні Сербия астанасы Белградта "Қайрат" пен "Црвена Звезда" арасындағы екінші кездесу өтеді. Осыған байланысты алматылық клубтың бас бапкері Кирилл Кекер матч алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде команданың дайындығы туралы айтып, жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:

- Біз осында болғанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі матчтан көп нәрсе күтемін. Біз бірінші матчтың нәтижесіне қарамаймыз.

- Белградқа сіздің командаңыз толық құраммен келген жоқ екен.

- Иә, кейбір ойыншылар жарақатына байланысты қатарда жоқ, бірақ "Қайрат" - үлкен клуб және бізде оларды алмастыратын ойыншылар бар. Бұл футболдағы қалыпты жағдай.

- Сіздің командаңызда бұрынғы Югославияның ойыншылары бар. Олармен біздің стадион және жергілікті жанкүйерлер туралы сөйлестіңіз бе?

- Бізде Черногориядан Небойша, Сербиядан Раде және Хорватиядан Дино бар. Әрине, біз олармен алдағы ойынды талқыладық. Біз "Црвена" - дәстүрлері мен адал жанкүйерлері бар үлкен клуб екенін білеміз.

- Бірақ ертең клубқа тек жас балалар жанкүйер болады.

- Жанкүйерлермен ойнау әрқашан жағымды әсер сыйлайды. Ересек пе әлде балалар ма, ол маңызды емес.

- Сіздің ойынға дайындаған жоспарыңыз қандай?

- Біріншіден, біз мұнда нәтижеге жету үшін келдік және біз өз футболымызды ойнаймыз.

Айта кетейік, алғашқы матчта Кирилл Кекер шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу