Кирилл Кекер: "Кездесуден жақсы нәтиже күтеміз"

1112

"Қайраттың" бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер "Црвена Звездаға" қарсы өтетін кездесу туралы пікір білдірді.

Кирилл Кекер: "Кездесуден жақсы нәтиже күтеміз"

- Кирилл Сергейұлы, "Қайрат" бұдан 6 жыл бұрын кездескен "Црвена Звездаға" қарсы өтетін матчтан қандай нәтиже күтесіз?

- Бұл Чемпиондар лигасының іріктеуі. Сондықтан жақсы нәтиже күтемін. Біз клубтардың бұған дейін де өзара кездескенін білеміз. Ал осы жолғы матчқа кездесулердің статистикасынан басқа өткен матчтардың еш қатысы жоқ.
- Жоаоның жағдайы қалай? Оны алдағы матчта көре аламыз ба?

Өкінішке орай, Жоао жарақат алып, қазір оңалту үстінде. Ойыншы жеке бағдарламамен жаттығады. Біз оның тезірек сауығып кетуін тілейміз!

- Өткен аптада клуб жанкүйерлерді трибунаға жіберу мәселесін талқыға салды. Осы мәселе жайлы айта кетсеңіз?

- Әрине, біз жанкүйерлердің трибунада болатынына қуаныштымыз. Олар біз үшін маңызды. Бұған "Маккабиге" қарсы ойында көз жеткіздік. Жанкүйерлердің қолдауы мен жігері матч бойы сезілді. Бүгін көрермен саны аз болғанымен, қолдау дәл өткен матчтағыдай болады деп сенемін.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының іріктеуіне өткен алғашқы кездесуде "Қайрат" "Маккаби" командасын 2:0 есебімен жеңген болатын. Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы кездесу бүгін, 21-шілде "Қайрат" пен "Црвена Звезда" арасында, Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20: 00-де басталады.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу