Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

321

Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. 

Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: ҰОК

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті.

Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста 3-орын алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу