Кирилл Морунов: Бізге халықаралық тәжірибие жетіспеді

2275

"Даму кубогы" деп аталатын жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстан құрамасына оңбай жеңілді. Бапкеріміз былайша ақталып отыр. 

Кирилл Морунов: Бізге халықаралық тәжірибие жетіспеді

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Морунов Тәжікстан U-17 (1:7) құрамасына қарсы кездесу туралы пікір білдірді:

- Жеңілгеннен кейін сөз табу қиын. Біз қандай қарсыласқа тап болатынымызды білдік, Тәжікстан құрамасының ойынына талдау жасадық. Өткен жылы олар турнирдің финалына дейін жетіп, пенальти сериясында ұтылды. Он адаммен ойнадық деп ақталғым келмейді, бірақ бұл біздің ойынымыз бен біз құрған жоспарларға сәл нұқсан келтірді. Мен ешкімді кінәлағым келмейді, ірі жеңіліске ұшырадық, нәтижені жақсарту керек.

- Қазақстан үшін бұл турнирге қатысу маңызды ма?

- Шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Біз бұл турнирге қатысқанымызға қуаныштымыз. Біздің жас тобымыздың іріктеу кезеңі болмады, сондықтан бізге халықаралық тәжірибе жетіспеді.

- 17 жасқа дейінгі жігіттер үшін көп ойнаудың маңызы неде?

- Халықаралық тәжірибиені осындай жарыстарда жинаймыз. Бізге бұл тәжірибе осындай қарсыластармен болатын матчтарда жетіспейді. Мұндай командалармен ойнағанымызға өте қуаныштымын. Ауыр ойындарды бастан өткеру керек. Сондықтан да, Минскідегі додаға қатысып жатқанымыз қандай жақсы.

- Жарыстың ұйымдастырылуы, қонақ командаларға жасалған жағдайлар Сізге ұнады ма?

- Жасалған жағдай өте жақсы. Барлығы дайын, көз алдыңда. Иә, бір өкініштісі көрермен жоқ. Олар былтыр болған. Бұл кездесуге дайындық кезінде біз Беларуссия мен Тәжікстан арасындағы финалдық матчта адамдардың көп болғанын байқадық.

- Қалған екі матчқа нендей тактика жоспарлап отырсыздар?

- Енді жеңілістен кейін қалпымызға келу керекпіз. Бір сүріндік екен деп тұнжырай берсек те болмайды. Біз футболды жақсартуға тырысамыз, өйткені біз өзіміздің ойынымызды көрсетпедік.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу