Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

1313

Қоғалы ауылдық округінің орталығы Қоғалы ауылына "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыруға "Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сайлауалды штабтың төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлжан Қамамбаева, сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Қуаныш Борманбеков, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ділдаш Құрышбаева, аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Зәуре Ахметбекова барды.  

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Гүлжан Алтынбекқызы "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы, жаңа бағдарламаның аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Біз елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанамыз. Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда "Nur Otan" үшін дауыс беруге шақырамын. Қазақстандықтар бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дауыс беретініне сенімдімін! Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамына таңдау жасаңыздар!" деген сөзін алға тартып, Елбасы басшылығымен өткен жол: Қазақстанның басты он жетістігін атап, айшықтап берді. Қазақстанның айналасына "Тату көршілік белдеуі" түзілгенін, еліміздің құрлықтағы және судағы шекараның халықаралық келісімдермен бекітілгенін, экологиялық апаты асқынған – Арал теңізінің экологиялық жағдайының қалпына келтірілгенін, Семей полигонының жабылғанын, елімізде бірлік, бейбітшілік, келісім және тұрақтылықтың орныққанын тілге тиек етіп, партияның жетістіктерін атап беріп, қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жететінінімізді айтып, сайлау күні сайлау учаскесіне келіп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Бұдан соң облыс мәслихатының депутаттығына кандидат Ділдаш Құрышбаева сайлауалды бағдарламаның "Бұқаралық спорт үшін жағдай жасаймыз" бөлімі бойынша алдағы бес жылда аталмыш партия өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға баса назар аударатынын, бұл үшін "Nur Otan" партиясы еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды өткізуге, білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында дене шынықтыру жаттығуларын өткізу практикасын енгізуге, 2022-2023 жылдары Коғалы ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілетініне, жыл сайын кемінде 250 спорттық іс-шара өткізуге, осының арқасында бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындарды қамтуды 31% -дан 34% -ға дейін арттыруға мүмкіндік беретініне қол жеткізетін болатынын айтты. Сондай-ақ, жастарға арналған аудан бөлімі бойынша Кербұлақ ауданында 11088 жастың барын, жастардың табысты әлеуметтенуі, жастардың әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын, "Nur Otan" партиясы мен оның "Jas Otan" жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтетінін, 2025 жылға қарай бұл партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыда өз бағытын табуы үшін жағдай жасау, қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешу болып табылатынын, ол үшін 2025 жылға дейін ауданға 425 жас маманды тарту, оның ішінде 200 көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие беруге, 2025 жылға дейін 1750 жас, оның ішінде 225 жас жазғы кезеңге "Жасыл Ел" еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жұмысқа орналастырылатынын, "Жас кәсіпкер" жастар бизнес-бастамалары бағдарламаларын іске асыру және жыл сайын кемінде 50 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуға, жыл сайын кем дегенде он бес іс-шара, соның ішінде, әскери-патриоттық ойын "Айбын-2021", аудан әкімінің кубогына арналған КВН және тағы басқа да шаралар өткізуге, Сарыөзек ауылында "Coworking center" ашу арқылы жастардың өзін-өзі тануы мен шығармашылық дамуына жағдай жасау, бұл аудан жастарын 50% (5544) дейін іс-шаралармен қамтуға мүмкіндік беретінін, барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуын ынталандырып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,6%-дан 2,4% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Өз кезегінде Зәуре Ахметбекова да "Жол сапасын жақсартамыз" бөлімі бойынша сөз қозғады. "Nur Otan" партиясының мақсаты - автомобиль жолдарының сапасын арттыру және 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу, яғни осы мақсатта партия келесі бес жылда 10 ауылдың ішкі көше жолдарының 29 шақырымын оның ішінде,  2022 жылы Бостан ауылында (2 км), Коноваловка, Дос бекеті (5 км),  2024 жылы Тастыөзек, Күреңбел ауылдарында (3 км), 2025 жылы Доланалы, Ақбастау, Қарашоқы, Архарлы, Басши ауылдарында (19 км) орташа жөндеуден өткізу жоспарда барын, сондай-ақ, таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету бойынша "Nur Otan" партиясы 2025 жылға дейін аудан тұрғындарының 90,2%-ын сапалы ауыз сумен және 22,2%-ын орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын, ауданның төрт ауылында орталықтандырылған сумен жабдықтау желілерін қайта құру және салу 79,10 шақырым, оның ішінде: 2022 жылы Аралтөбе (6 км) және Талдыбұлақ (22 км) ауылдарында, 2022-2023 жылдары Сарыөзек ауылында (4 кезең - 21,5 км), 2023 жылы Қарашоқы ауылында (22 км), 2025 жылы Шаған ауылында (14,5 км), 2022-2023 жылдары Сарыөзек ауылының су бұру жүйелерін салу және қайта жаңарту, 2025 жылы Басши ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу, 2025 жылға қарай он төрт ауылдық елді мекендерде, оның ішінде: 2021-2022 жылдары Сарыөзек ауылында, 2023-2024 жылдары Қарағаш және Қазынсу ауылдарында, 2024-2025 жылдары Байғазы, Алтынемел, Қоянкөз, Көксай, Қаспан, Ақбастау, Жаңалық, Доланалы, Қызылжар, Майтөбе, Шанханай ауылдарында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілетінін айтып түсіндірді.

Ауыл тұрғыны, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бейсенғали Аманбаев шағырған жедел-жәрдем көлігінің 2-3 сағатсыз келмейтінін және ауылдық ауруханада дәрігерлердің жетіспейтінін айтып, осы мәселелер шешімін тапса деген ойын айтса, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Айша Сүттібаева Қоғалы ауылында жүзуге арналған бассейн салынса және облыстық шаңғы жарыстарына баратын он шақты спортшыға сапалы шаңғы берілсе деген сауалын қойды. Бұл мәселелердің алдағы уақытта шешімдерінің табылатынына кандидаттар сенім білдірді.

"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлау қорынан төленді

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу