Клуб басшысы көлігін сатып, жалақы берді

1982

"Екібастұз" футболшылары биыл бір-ақ рет жалақы алған.

Клуб басшысы көлігін сатып, жалақы берді

Бапкерлер мен футболшылардың жалақысын төлеу үшін "Екібастұз" футбол клубының директоры Ғалым Байкен өз автокөлігін сатқан. Клуб командаға бірнеше айдан бері жалақы төлей алмағандықтан Ғалым Байкенге осындай қадамға баруға тура келген. Биылғы жылы футболшылар мен бапкерлер тек бір-ақ рет жалақы алыпты.

Қазіргі таңда команданың бірінші лига ойындарына дайындалуына қажетті қаражатты, жалақыны және басқа да шығындарды өтеуге "Екібастұз" клубында қаржы жоқ.

Осыған дейін 35 жасар Ғалым "Ертісте", сондай-ақ Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының жүйесінде жұмыс атқарған.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодардың "Ертіс" командасы екінші тур ойындарынан кейін Қазақстан Премьер Лигасынан шығып қалған. Ал үнемделген қаражат бірінші және екінші лига командалары – "Екібастұз" және "Ақсу" командаларына, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер футбол клубына жұмсалатын болды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу