Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді

103

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.  

Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді Фото: TeamQazaqstan

Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында көгалдағы хоккейден әйелдер арасындағы топтық кезең басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан әйелдер құрамасы А тобында Оңтүстік Корея, Қытай, Қытай Тайбэйі, Бангладеш және Малайзия құрамаларымен бірге сынға түседі. Ал В тобында Таиланд, Сингапур, Жапония, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан командалары өнер көрсетеді.

Отандастарымыз топтық кезеңдегі алғашқы матчын Малайзия құрамасына қарсы өткізіп, 0:5 есебімен қарсыластарына жол берді.

Қазақстан құрамасы 21 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу