Қазақтар көкпардан қырғыз бауырларды жеңіп, чемпион атанды

1184

Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын  5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.  

Қазақтар көкпардан қырғыз бауырларды жеңіп, чемпион атанды Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін "алтын салым" салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу