Қол алысудан қызу пікірталасқа дейін

548

Республикалық кандидат Дональд Трамп пен оның демократ-қарсыласы Камала Харрис арасындағы теледебатқа қысқаша шолу.  

Қол алысудан қызу пікірталасқа дейін

Дональд Трамп пен Камала Харрис арасындағы бірінші және бәлки жалғыз президенттік пікірталас осымен аяқталды. Әрекетке толы 90 минуттық дебат туралы мынадай негізгі жайттар мәлім болып отыр:

  • Пікірсайыс басталғанда екі үміткер қол алысып амандасты. Камала Харрис сахнаға шығып, өзін Трамппен таныстырды (олар алғаш рет кездесіп отыр).
  • Пікірталас саясатқа назар аударудан басталды. Бірақ Харрис Трамптың митингілері туралы өткір ескерту жасап, адамдардың сол митингілерден зерігіп, шаршап, ерте қайтатынын атап өтті. Бірақ Трамп  өз митингілерін мақтап, қорғанысқа кірісті. Бұл сәт дебаттың тонын өзгертті; кандидаттардың екеуі де, әсіресе Трамп, қыза түсті.
  • Трамп Харриске иммиграция мен шекара мәселелері бойынша шабуыл жасап, экономиканы жақсартып, инфляцияны тежеуге уәде берді. Ол, сондай-ақ, Харристің неліктен Байден әкімшілігі құрамында жүріп, үлкен саяси мақсаттарға жете алмағанын сұрады.
  • Харрис болса, бұрынғы президентті бүкіл елде "абортқа тыйым салғаны" үшін айыптап, оның қызметке жарамдылығын қатаң сынға алды. Бұған қоса, демократ үміткер Трампты 2021 жылы 6 қаңтарда АҚШ Капитолийіне жасалған шабуыл үшін кінәлап, "ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясатта әлсіздік танытты, қателік жасады" деп те айыптады.
  • Пікірталас аяқталғаннан кейін супер поп-жұлдыз Тейлор Свифт "Инстаграмдағы" жазбасында Харристі "тұрақты, дарынды лидер" ретінде көретінін айтып, Камала Харристі қолдайтынын хабарлады. Әлемге әйгілі әншінің 284 миллион фоллервері бар. Свифт мұнша қолдаушыларымен сайлаудың нәтижесін Харристің мүддесіне орай әсер ете алатынын тым жақсы біледі.

PredictIt жүргізген сауалнама қорытындысына қарағанда, 2024 жылы қарашаның 5-де өтетін президенттік сайлауда Трамптың жеңіске жету ықтималдығы осы дебаттан кейін 52% -дан 47% -ға дейін төмендеді. Ал Харристің коэффициенті 53%-дан 55%-ға дейін жақсарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу