"Қол сермей бермеңіздер!"

3566

Шымкентте партияның туын жыртып кеткенде ешкім былқ еткен жоқ. 

"Қол сермей бермеңіздер!"

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет әкімдермен бірге есеп беріп, күнделікті мәселелерді шешуі тиіс екенін айтты.

"Қол сермей бермеңіздер. Бағдарламалар мен қаржыландыру бар. Жұмыс істеңіздер. Қолдарыңыздан не келетінін көрсетіңіздер. Алдағы сайлауда белсенді әрі лайықты партияластарды ортаға шығару үшін жағдай жасау қажет", – деді Nur Otan партиясының төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, партия құрамында белсенді азаматтардың саны жеткіліксіз.

"800 мың партияластың ішінде кім өзін белсенді түрде көрсете алады? Шымкентте партияның туын жыртып кеткенде ешкім былқ еткен жоқ. Бәрі отырды. Партия қайда болды? Осы кезде неге белсенді болмадыңыздар?", – деді Елбасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу