Қолға алынған саяси реформалар қоғам тарапынан кең қолдау табуда – Ерлан Қарин

422

Елде жүзеге асырылып жатқан барлық реформалар мемлекеттілікті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Қолға алынған саяси реформалар қоғам тарапынан кең қолдау табуда – Ерлан Қарин Фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері" атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Осы себепті де жүргізіліп жатқан саяси бағдар қоғам тарапынан кең қолдау табуда. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының деректеріне сүйенсек, азаматтардың 73,3 пайызы елдің даму бағытын оң бағаласа, Қоғамдық саясат институтының мәліметі бойынша бұл көрсеткіш 79,5 пайызға жетеді. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді, – деді Ерлан Қарин халықаралық форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу