Көлік енді арзандамайды

Юлия Кузнецова Юлия Кузнецова
15439

Өткен жылы көлік нарығы құлдырау шегіне жетті, биылғы жыл есені қайтарудан басталады.

Көлік енді арзандамайды

Қосымша құн салығына жеңілдік алып тасталғандықтан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап отандық нарықтың ойыншылары Қазақстанда шығарылған автокөлік бағасы 12%-ға қымбаттайды деп күтеді.

Мұндай болжаммен "Астана Моторс" қазақ мотор компаниясының атқарушы директоры Антон Афонин бөлісті. Спикердің айтуынша, жаңа жылда нарықтағы ойыншылар қайта бөлінеді: кей компания облыс орталықтарындағы өкілдігін жабады немесе шығынын азайтып, жергілікті компанияға береді.

2016 жылы автокөлік нарығы екі есе қысқарды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы Қазақстан нарығында 46712 жаңа автокөлік сатылды, бұл 2015 жылдың нәтижесімен салыстырғанда 52%-ға төмен, былтыр 97469 көлік сатылған болатын.

"Астана Моторс" ҚМК президенті Нұрлан Смағұловтың айтуынша, жаңа автокөлік сатылымының күрт қысқаруына халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі себеп болды, оның үстіне девальвацияның кесірінен автокөлік бағасы қалай қымбаттаса, оның құрамдас бөліктерінің бағасы да солай қымбаттады.

"2016 жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұрақты болды, алайда халықтың сатып алу қабілеті төмендеді, мұндай кезде адамдар қымбат дүниелерді сатып алудан бас тартады, нәтижесінде кейінге қалдырылған сұраныс артады", – дейді ол.

Несие мөлшерлемесінің көтерілуі мен қарыз алушыға қойылған қатаң талап салдарынан берілетін несие мөлшерінің азаюы да сатылым деңгейіне әсер етті. Несиемен сатып алу үлесі 67%-дан 45%-ға төмендеді, бірақ шыны керек, бұдан әрі қысқару болмайды деп есептейді нарыққа қатысушылар.

Одан бөлек, жеңілдікпен несие алу бағдарламасымен негізгі несие алу үлесі аяқталды.

"Мемлекет 4% мөлшерлемемен несие беріп, автокөлік өндірушілерге жақсы көмек көрсетті. Бірақ мұндай несиенің үлесі таусылды және қазір біз бағдарламаның жұмысы одан әрі жалғассын деп үкіметпен келіссөз жүргізіп, несие мөлшерін ұлғайтуды сұрап отырмыз. Себебі бағдарламаның берері көп. ҚДБ бағдарламасымен жеңілдікпен несие беру үлесінде Hyundai бренді 54%-ға жетті. Бізде, тіпті, жаңа көлік сатуда қиындық туындайды, себебі клиенттер дәл осы бағдарлама аясында автокөлік алуды қалайды, ал оны сатып алуға барлығының бірдей қалтасы көтереді деп айта алмаймыз", – дейді Нұрлан Смағұлов.

Hyundai Trans Auto компаниясының көлік құрастыру кәсіпорны 557 коммерциялық техника шығарды (2015 жылмен салыстырғанда 120%-ға артты). 2016 жылы Ресейге 192 жүк техникасы экспортқа шығарылды. Нұрлан Смағұловтың айтуынша, компания Hyundai-мен келіссөз жүргізіп жатыр және Ресейдің шығыс өңірлерінің нарығына техника жеткізу есебінен экспорт көлемін ұлғайтпақ.

"Біз Орта Азиядағы көршілес мемлекеттердің нарығын бақылап отырмыз, олардың нарығында жаңа көліктен гөрі, ұсталған көлікке сұраныс жоғары. Егер Өзбекстан нарығы бұрынғыдан гөрі ашығырақ болса, біз сол бағытты дамытар едік", – дейді "Астана Моторс" президенті.

Биыл Hyundai Trans Auto 587 коммерциялық техника шығаруды жоспарлап отыр, оның ішінде Hyundai County автобусының өндірістік құрылымын игеру де бар. Еуразиялық экономикалық одақ аясында алынған міндеттемеге сәйкес автобус құрастыруда шектеу 50%-ға жетті.

2016 жылы "Астана Моторс" тізіміндегі автокөлік брендтерінің саны азайды. Дәлірек айтсақ, компания басшылығы сауданың едәуір бөлігін қамтамасыз ететін негізгі бренд емес деп Nissan брендін сатуға шешім қабылдады. Түскен қаржы BMW делдалдық орталықтарын дамытуға және жаңа өнімдерді өткізуге күш салады. Datsun брендін Қазақстанда сатуды уақытша тоқтатты, бірақ бұл көлікке Subaru автоорталығында қызмет көрсетіледі.

Жаңа жыл не дайындап отыр?

Компания өкілдерінің ойынша, өткен жылы Қазақстанның көлік нарығы құлдырау шегіне жеткен және жаңа басталған жыл есені қайтарудан басталады. Алайда ойыншылардың басына түскен жағдай жағымсыз жайлардың болуына мүмкіндік тудырады. Биылғы жылдың ең негізгі оқиғаларының бірі ҚҚС тоқтату болды, соның аясында Қазақстанда құрастырылған автокөліктердің бағасы шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін. Десе де, үкімет мұндай шешімді біржақты, нарық өндірушілерімен келіссөз өткізбей қабылдамайтынына ерекше назар аударды Нұрлан Смағұлов. Бүгінгі күні ҚҚС төлеу енгізілгеніне қарамастан, жаңа көлікті сатып алу шартын жеңілдету үшін автокөлік өндірушілері қолдан келгеннен аянбай жатқанын "Астана Моторс" ҚМК президенті баса айтты.

Кәдеге жарату қорын енгізу және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде шығарылатын көлік міндетті түрде төтенше жағдай туындағанда жедел қызметті шақырту тетігімен жабдықтау сияқты қадамдар да қосымша шығынды талап етеді, бұл көліктің құнына әсер етеді.

"Бұл бізге қиындық туғызады, мұндай талапты біз бүгін ойлап тапқан жоқпыз, ол әлемде бар. Бірақ Қазақстанда бұл талап нарықтың басына қиын жағдай туған кезде енгізілуі жағдайды күрделендіреді. Біз тұтынушыларымыз үшін шығынды азайтуға тырысып жатырмыз, автокөлік бағасының тиімділігіне қол жеткізу үшін тікелей өндірушілермен келіссөз жүргіземіз", – дейді Нұрлан Смағұлов.

Келіссөз саясаты бірте-бірте жемісін беріп келеді деп ағынан жарылды ол. Былтыр дистрибьютор мен өндірушінің жұмысының арқасында BMW автокөлігін отандық нарықта Ресей бағасымен сатуға мүмкіндік туды. Нәтижесінде елімізде Бавария брендінің 310 автокөлігі сатылды, бұл Қазақстан нарығында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, биыл көлік сатып алушылар науқанға үміт артпауы тиіс: былтыр нарықтың ойыншылары қоймадағы көлік қорын тауысты, сондықтан қоймада 2016 жылы шыққан автокөлік айтарлықтай көп емес.

Trade-in қызметіне сұраныстың артуы – осындай шындық өмірдің түнегіндегі жарық сәуледей.

"Бұл қызмет негізгі автокөлік ойыншылары үшін өсімнің басты кілтіне айналады. Ресейде жетекші компаниялар жаңа автокөлік пен trade-in жүйесі бойынша сатылатын көліктің арақатынасын 1-1-ге жеткізді және делдал орталықтары қайталама нарықтан жақсы табыс түсіріп отыр", – деп есептейді Антон Афонин.

"Қайталама сауда" – дағдарыс жағдайында автокөлік нарығы үшін негізгі тіректің бірі болады дегенге дәлел ретінде Қазақстанда тек қолданылған автокөлікті ұсынатын желілік ойыншылардың пайда болуын айтуға болады.

Дағдарыс кезеңінде автокөлік нарығында көлік саудасынан бөлек, оның құрал-жабдығын, қосалқы бөлшектерін сату, сервистік қызметтердің сапасын жоғарылату және жаңа қаржы өнімдері мен жеңілдік беретін бағдарламалардың іске қосылуы да едәуір әсер етеді. Осындай бағдарламалардың бірін осы жылы "Астана Моторс" іске қоспақ. Компания клиенттерін бір электронды қорға біріктіреді, маркетинг жаңалықтары туралы ақпарат беріп отырады, сондай-ақ уақтылы техникалық байқаудан өту немесе май ауыстыру қажеттілігі туралы ескертіп отырады. Жеңілдік беру бағдарламасын іске асыруда "Сбербанк" серіктес болмақ.

"Астана Моторс" ҚМК өкілдерінің болжамына сүйенсек, 2017 жылы Қазақстан нарығында 50-55 мың жаңа автокөлік сатылады, осылайша сату деңгейі 10%-ға артады. Компания 10 мың көлік сатпақ, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 15-20%-ға артық. Сөйтіп барлық ресми делдал компания арасында нарық үлесін 19%-ға жеткізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу