Көлік секторын дамытуға 14 млрд доллар инвестиция құю керек

473

​Қазақстан Азия мен Еуропа арасын қосатын басты хабқа айналуы үшін алдымен ЖІӨ-дегі көлік саласының үлесін 3-тен 9%-ға арттыру қажет.

Көлік секторын дамытуға 14 млрд доллар инвестиция құю керек Фото: canva.com

Тасымалдау секторы қазір 14 млрд долларды деңгейінде және тиісінше 2026 жылдың соңына қарай бұл сектор 34 млрд долларды құрайды деп күтілуде.

Қазақстанның қажеттілігі инвестиция және оны құятын компаниялармен шектелмейді. Бұл тек алғашқы қадам. Ең бастысы тұрақты жұмыс істейтін өндірушілер керек, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

"Біздің министрлік алдағы 5-7 жылда көлік секторын дамыту үшін шамамен 14 миллиард доллар қажет деп есептейді. Қарапайым автокөлік жолына 20 млрд, теміржол жүйесіне 15 млрд, авиация саласы – 5 млрд доллар керек. Мен неге бәрін тізіп айтып отырмын? Бізде компаниялар мен әлеуетті инвесторлар бар. Егер біздің жобаларға қатысу туралы шешім қабылдасаңыз, әрине, біз қуанатын едік. Инвестор ретінде ғана емес, мердігер ретінде де. Біз ЕҚДБ-мен жұмыс істейміз, елде іс жүргізуге барлық мүмкіндіктер бар", – деді министр инвесторларға сөйлеген сөзінде.

Ол көрші елдермен сауда Еуропа мен Азия, соның ішінде Қытай арасындағы әлеуетті ескере отырып, шамамен триллион долларды құрайтынын еске салды. 

"Біз бір жылда көрсеткіштің 20%-ға өскенін көріп отырмыз. Көліктің барлық төрт түрін (ТЖ, авто, әуе және теңіз жолдары) дамыту қажет. Биыл тасымалдаудың жалпы көлемі 300 млн тонна. Соңғы 30 жылда болмаған жағдай. Дегенмен әлі де Еуропа мен көрші елдер арасындағы транзитті қамтамасыз ету қажет. Биыл жүктерді тасымалдау көлемі 30 млн тоннаны құрады. Бұл бір керемет көрсеткіш емес, себебі бір Қытайдың өткізу қабілеті 28 млн тоннаны құрайды, сондықтан үш жобаны іске асыру қажет, оның бірі – Қытаймен екі өткізу пунктінің қуатын арттыру", – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, бұл үшін шекарада 20-ға жуық станция салу керек, одан 28 млн тонна алынады. Министрлік осы бағытта жұмыс істей бастаған көрінеді. 

"Біз тағы үшінші пункттің құрылысын бастауға жақынбыз, ол қосымша 20 млн берсе, жалпы, болашақта 78 млн тонна көрсеткішке жетеміз деп ойлап отырмыз. 4-5 жылдан кейін ҚХР-дан 4 өткізу пункті және қосымша 25 млн. тонна болады. Мен көлік министрі ретінде бұл көрсеткішті 100 миллион тоннаға жеткізу керек деп санаймын", – деп болжады Қарабаев.

Ол сондай-ақ автомобиль тасымалы жылына 2-3 есе жылдам өсетінін атап өтті. Қазір Қазақстанда ҚХР-мен 5 өткізу пункті бар. Бір жыл бұрын көлемі 1,5 млн тоннаны құраған көрсеткіш қазір 4 млн тоннаға жетті. Оның бірнеше факторлары бар, олардың бірі ҚХР-мен белсенді жұмыс. Қытайдың Қазақстанға транзитті жүзеге асыруға және Еуропаға тікелей жөнелтуге мүмкіндігі бар. 

"Алдағы 6 жылда біз республикалық маңызы бар жолдармен айналысуымыз керек. Шамамен 2 700 шақырым салу керек. Сондай-ақ қалаларда жол қажет болады. Бұл қосымша 5 миллиард долларды қажет етеді. Жалпы бізде 55 автомобиль өткізу пункті бар. Оның 45-і жаңғыртуды талап етеді. 2027 жылы оларды толық жаңғырту жүзеге асырылады. Нәтижесінде өткізу қабілеті үш есеге артады", – деді Көлік министрлігінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу