Коллекторлық ұйымдар шектен шығуды қояр емес

4719

Ұлттық банкке банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық ұйымдарға қарсы шағым тастауға болады. 

Коллекторлық ұйымдар шектен шығуды қояр емес

Ұлттық банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлады.

Ұлттық банк 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тарапынан қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және сараптама жүргізді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау қорытындылары бойынша қаржы ұйымдарына, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерге қатысты 195 ықпал ету шарасы, оның ішінде жалпы сомасы 13 897 402,05 теңгеге 38 айыппұл қолданылды, деп жазады бас банк.

Атап айтар болсақ, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 143 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 9 128 302,05 теңге сомасына 23 әкімшілік айыппұл, 118 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және 2 жазбаша ұйғарым берілді. Бас банктің мәліметінше, банктердің негізгі бұзушылықтары банктік қарызға қызмет көрсету, төлемдер мен ақша аударымдары,  банктік шоттар мен банкоматтарға қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты болған.

Сақтандыру ұйымдарына қатысты да 5 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 252 500 теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл, 4 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы қолданылды. Сақтандыру ұйымдарының негізгі бұзушылықтары сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ісі бойынша құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтамауға байланысты болып отыр.

Микроқаржы ұйымдарына қатысты 28 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 3 007 600 теңге сомасына 7 әкімшілік айыппұл,  19 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту берілді. Ұлттық банктің хабарлауынша, микроқаржы ұйымдарының негізгі бұзушылықтары микрокредит беру туралы шартының Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ кредиттік бюро және микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының бұзуына байланысты болды.

Ал коллекторлық агенттіктерге қатысты 19 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 1 509 000 теңге сомасына 7 әкімшілік айыппұл, 10 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту берілген. Коллекторлық агенттіктердің басты бұзушылықтары коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын сақтамауға, оның ішінде борышкермен өзара әрекеттесу кезінде жосықсыз әрекеттерге жол беруге байланысты болған.

Қаржылық қызметті тұтынушылардың қаржы ұйымдары көрсететін қызметтің, коллекторлық агенттіктер қызметінің тиімділігі мен сапасын шолуы және өздігінен анықтауы үшін Қазақстан Ұлттық банкі олар бойынша қолданған қадағалауға ден қою шаралары және айыппұлдары туралы ақпаратты www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсына "Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар" бөліміне орналастырады,  деп хабарлайды бас банк.

Сонымен қатар Ұлттық банк қаржылық ұйымдар мен коллекторлық агенттіктердің тарапынан құқық бұзушылық орын алған жағдайда азаматтардың шағымдана алатынын ескертеді.  

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу