Колумбиядағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден астам адам көз жұмды

201

Тағы 87 адам зардап шекті.

Колумбиядағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден астам адам көз жұмды Фото: ТАСС

Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Эквадорда да сезілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприельяның айтуынша, табиғи апаттан кемінде 111 адам қаза тауып, 87 адам жарақат алған. 

Кали қаласында бірнеше ондаған ғимарат қирады. Жергілікті биліктің мәліметінше, үйінділер астында адамдар болуы мүмкін.

АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 деп тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы тереңде орналасқанына қарамастан, дүмпу өте күшті болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Боготадан шамамен 400 шақырым жерде орналасқан Сан-Хосе-дель-Пальмар ауданына жақын болуы мүмкін.

Ел астанасы Боготадан бөлек, жер сілкінісінің дүмпулері Кали, Попаян, Манисалес, Армения, Перейра және елдің орталық әрі батыс бөлігіндегі басқа да елді мекендерде сезілген. Азаматтық авиация қызметінің хабарлауынша, бірнеше өңірлік әуежай уақытша жабылды.

Айта кету керек, маусым айының соңында Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі болған. Табиғи апат салдарынан жүздеген ғимарат қирап, 6 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу