Көмірге сұраныс төмендеп келеді

Аскар Муминов Аскар Муминов
2749

2016 жылы әлемде көмір өндірісі 231 млн тоннаға азайды.

Көмірге сұраныс төмендеп келеді

British Petroleum (BP) халықаралық энергетикалық компаниясы әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы шолудың статистикалық мәліметін ұсынды. Мәліметте 2016 жылы әлемде бастапқы энергияны тұтынудың қысқарғаны және көмірді пайдаланудан гөрі көміртегін аз бөлетін отынға көше бастағаны көрсетілген.

2016 жылы алғашқы энергияны әлемдік тұтыну небәрі 1%-ға артқан. Ал бұған дейін 2015 жылы 0,9%, 2014 жылы 1%-ға өскен болатын. Бұл 10 жыл бұрынғы орташа көрсеткіш 1,8%-бен бірдей болып отыр. 2015 жылы Еуропа мен Еуразияны есептемегенде, барлық өңір бойынша өсу ортадан төмен болған. Мұнай мен ядролық энергиядан басқа отын түрлері ортадан жоғары болды. 2016 жылы Қытайда энергияны тұтыну1,3%-ға өсті. 2015-2016 жылдардағы өсуді 1997-1998 жылғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, онда ол ең төменгі көрсеткіш.  

Бірақ осыған қарамастан Қытай 16 жыл қатарынан әлем бойынша энергия тұтыну жағынан өсім көрсеткен ең үлкен нарық болып отыр. 2016 жылы энергияны тұтынудан туындаған көмірсутек қалдықтары 0,1%-ға артқан. 2014-2016 жылдары қалдықтардың орташа өсуі ең төменгі көрсеткішті көрсетті. 

Көмірді әлемдік тұтыну 53 млн тонна мұнай эквивалентіне қысқарған. Бұл қысқару екі жыл қатарына қайталануда. Көмірді тұтыну АҚШ пен Қытайда едәуір қысқарғаны байқалып отыр. Ал Ұлыбританиядағы көмір тұтыну айтарлықтай болып, тарихта бұрын-соңды болмаған жағдайды көрсетті.

Бастапқы энергияны әлемдік тұтынудағы көмірдің үлесі 28,1%-ға дейін төмендеген, бұл 2004 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш болып отыр.

Әлемдік көмір өндірісі 6,2%-ға, яғни 231 млн тоннаға қысқарып қалды. Қытайдағы өндіріс 7,9%-ға, яғни140 млн тоннаға қысқарған, бұл да рекордтық төмендеу. АҚШ өндірісі 19%-ға, яғни 85 млн тоннаға қысқарған.

ВР есебі бойынша, 2016 жылы жаңартылатын энергия 14,1%-ға өскен, бұл 10 жыл бұрынғы орташа көрсеткіштен төмен, бірақ та бұл соңғы кездегі көрсеткіш бойынша біршама өсу болып есептеледі.

Жел жаңартылатын энергия көздерінің өсуінің жартысын ғана қамтамасыз етті, ал тек 18%-ын құраған күн энергиясы болса жалпы көлемнің үштен бірін қамтамасыз етті.

Азия-Тынық мұхит өңірі жаңартылатын энергия өндіретін ең ірі өңір ретінде Еуропа мен Еуразияны басып озды. Ал Қытай жаңартылатын энергия көздерін өндіретін ең ірі өндіруші ретінде АҚШ-тың алдына шықты.

2016 жылы әлемдік ядролық энергия өндірісі 1,3%-ға, яғни 9,3 млн тоннаға артқан. Қытайдағы өсу 24,5% болды. Қытайдағы өсу барлық елдермен салыстырғанда ең үлкен болып отыр.

2016 жылы су электр энергиясының өндірісі 2,8% -ға (27,1 млн тонн) өскен. Қытай 10,9 млн тоннаны, АҚШ 3,5 млн тоннаны қамтамасыз етті. Венесуэлада едәуір төмендеу болып, олардың көрсеткіші 3,2 млн тонна болды.

2016 жылы Dated Brent маркалы мұнайдың бағасы 2015 жылғы бір баррель үшін 52,39 доллар бағасымен салыстырғанда орташа есеппен алғанда бір баррель үшін 43,73 доллар болды. Мұнай әлемдік жетекші отын болып отыр, ол энергияны әлемдік тұтынудың үштен бірін құрайды. 1999 және 2014 жылдар аралығындағы 15 жыл төмендеуден кейін мұнай екінші жыл қатарынан нарықтың жаһандық үлесіне ие болды.

Мұнайды әлемдік тұтыну орташа алғанда тәулігіне 1,6 млн баррельге өскен. Бұл соңғы 10 жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары. Сондай-ақ Қытай мен Үндістандағы тұтыну біршама өскен. Ал әлемдік мұнай өндіру керісінше, тәулігіне небәрі 0,4 млн баррель болып, бұл 2013 жылдан бергі ең баяу өсу болып отыр.

Таяу Шығыс елдеріндегі өндіріс тәулігіне 1,7 млн баррельге жеткен, бұған Иран (тәулігіне 700 мың б), Ирак (тәулігіне 400 мың б) және Саудиядағы (тәулігіне 400 мың б) мұнай өндірудің өсуі әсер етті.

Таяу Шығыстан тысқары жатқан елдердегі өндіріс қысқарып, тәулігіне 1,3 млн баррельге тұрақтаған. АҚШ-та (тәулігіне -400 мың баррель), Қытайда (-310 мың баррель) және Нигерияда (тәулігіне -280 мың баррель) болып отыр.

Мұнай өңдейтін зауыттардың өнімділігі баяулап, 2015 жылы тәулігіне 1,8 млн баррельге, ал былтыр тәулігіне 0,6 млн баррельге дейін төмендеген. Өңдеу қуаты шамалы ғана өсіп, тәулігіне небәрі 440 мың баррель болды. Ал 10 жыл бұрын тәулігіне миллион баррель мұнай өндіріліп, ол мұнай өңдейтін зауыттардың жұмысын арттыруға әкелген еді.

Табиғи газдың әлемдік өндірісі 21 млрд текше метрге, яғни 0,3% артқан. Солтүстік Америкадаға өндірістің төмендеуі Аустралияда (19 млрд шаршы метр) және Иранда (13 млрд текше метр) өндірістің өсуімен толықты.

Газ сату 4,8%-ға өскен, бұған табиғи сұйытылған газдың (ТСГ) импорты мен экспортының өсуі себеп болған. Табиғи сұйытылған газ Аустралияда көп экспортталған. АҚШ-та ТСГ экспорты 2015 жылы 0,7 млрд текше метрге, 2016 жылы 4,4 млрд текше метрге дейін өскен.

Орталық Азия бойынша жағдай былай орын алуда. Түркіменстан 2016 жылы табиғи газ өндіруді 4,3%-ға қысқартқан, ал Өзбекстан 8,4%-ға, Қазақстан 4,5%-ға арттырған.

2016 жылы Түркіменстан 66,8 млрд текше метр газ өндірген. Ал 2015 жылы 69,6 млрд текше метр газ өндірілген. Өзбекстан былтырғы жылғы 57,7 млрд көрсеткішпен салыстырғанда биыл 62,8 млрд текше метр газ өндірген. Қазақстандағы көрсеткіш 19,9 млрд текше метрге тең, 2016 жылы 19 млрд өндірілген. Сонымен қатар Түркіменстандағы дәлелденген газ қоры 17,5 трлн текше метр, Өзбекстанда – 1,1 трлн текше метр, Қазақстанда – 1 трлн текше метр.

Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу