Коммерциялық нысандарды жалдау ақысы жыл бойына құбылумен болды

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
4751

Кеңсе жалдау ақысы былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Коммерциялық нысандарды жалдау ақысы жыл бойына құбылумен болды

2018 жылдың қараша айы қорытындысы бойынша "D" санатты бюджетті кеңселердің айлық жалдау құны өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 73,9% қымбаттап кетті. Нақтырақ айтар болсақ, бір жыл ішінде бюджетті кеңселердің шаршы метрінің жалдау құны 1610 теңгеге, ал "В" санатты кеңсенің шаршы метр құны 7,4%, яғни 2776 теңгеге қымбаттаған. Ал "А" санаттағы элиталы кеңсе құны керісінше 0,2% арзандап, шаршы метріне 4147 теңгеге төмендеді.

Сонымен қатар дүңгіршектерді жалдау бағасы да бір жылда 27,1% арзандап, 3460 теңгеге төмендесе, дәріханаларды жалдау құны шаршы метріне 19%, яғни 3766 теңгеге, ал дүкендердің бағасы 15,8%, яғни 2239 теңгеге арзандады. Есесіне сауық орындары мен сауда орталықтарындағы бутиктердің жалдау құны бір жылда шаршы метріне 3,8%, (5363 теңгеге) қымбаттады.

Қоғамдық тамақтандыру орындары ішінде мейрамханаларды жалдау ақысы 26,9% (2065 теңгеге) арзандаса, дәмханалар – 14,6% (2434 теңгеге), асханалардың бағасы 11,8% (1693 теңгеге) арзандады.

Түрлі тұрмыстық сервистер мен қызметтерге арналған ғимараттардың ішінде жалдау тарифі тек шаштараз бен сұлулық салондарына қымбаттады. Бұл екі бизнес түрі үшін арналған ғимараттардың құны былтырғыдан 1% (2657 теңгеге) қымбаттаған.

Ал бильярд орындары керісінше 46,9% (858 теңгеге), фотосалондар 16,6% (4422 теңгеге), химиялық тазалау мен киім жуу орындары 12,7%, (4314 теңгеге), фитнес-клубтар мен шынығу орындары 9,4% (1278 теңгеге) арзандады.

Қоймалар арасында ең қатты қымбаттағаны "С"  санатты қоймалар. Мұндай қоймалар бір жылда шаршы метріне 6,2% (941 теңгеге) қымбаттаса, "В" санатты қоймалар 6% (1482 теңгеге), қымбаттап, "А" санатты қоймалар 4,2% (2618 теңгеге), ал "D" санатты қоймалар 2%, (601 теңгеге) арзандады.

Көлік жуу орындары 38% қымбаттап кетті. Ал ТЖӨ орындары 1,5% арзандады.

Өндірістік цехтарды жалдау бағасы 9% қымбаттаса, өндірістік базаларды жалдау ақысы 25,4% арзандап кетті.

Жер үсті автотұрақтары 60,6% арзандаса, жер асты тұрақтары бағасы 38,7% төмендеді.

Валюта айырбастау пунктерін жалға алушылар былтырғымен салыстырғанда биыл 35,2% көбірек төледі. Ал банк филиалдары үшін берілген орындардың ақысы 0,8% қымбаттады.

Айта кетейік, қаңтар-қараша аралығында салынған тұрғын емес нысандар саны былтырғыдан 2,7% аз салынып, 4,2 мыңды құрады.

Соның ішінде 1,1 мыңы сауда нысандары, бұл өткен жылғыдан  5,5% аз.

Есесіне ауыл шаруашылық нысандары 33% ұлғайып, 274-ке жетсе, мәдени-сауытыру орындары 25,6% артып, 157-ге жетті.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу