Коммуналдық қызмет қымбаттап барады

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2041

Елдегі инфляция тоғыз айда 4,2% болды.

Коммуналдық қызмет қымбаттап барады

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде азық-түлік тауарларының (2016 жылдың желтоқсаны мен 2017 жылдың қыркүйегі аралығы) бағасы  3,1%-ға, ал азық-түлік емес тауар бағасы 5,5%-ға, ақылы қызмет 4,3%-ға өскен.

Осы жылдың басынан  бастап қой еті –12,7%, сиыр еті –12,6%,  консервіленген сүт –9,2%, картоп – 8,4%, кондитерлік өнім – 8%, сары май – 7,6%, жылқы еті– 7,5%,  ірімшік – 7,2%, балық – 6,7%-ға қымбаттаған. Алайда қиярдың бағасы 61,9%-ға, қызанақ бағасы – 58,6%-ға, жұмыртқа – 29,4%-ға, сарымсақ – 26,7%-ға, тәтті бұрыш – 25,4%-ға, қарақұмық жармасы – 21%-ға, қант –10,3%-ға, сұйық май 10,1%-ға арзандағаны байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар арасында кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 8,9%-ға, шыны және қыш бұйымдары – 7,2%-ға, көлік, кітап – 6,6%-ға, киім мен аяқ киім – 5,3%-ға, мата бұйымдары – 5,2%-ға, газет пен журнал – 5%-ға, фармацевтикалық өнім – 4,8%-ға, жеке тұтыну тауарлары – 4,3%-ға, тұрмыстық құралдар, жиһаз, үй тұрмысында қолданылатын заттар – 4,1%-ға, тазалау, жуу құралдары 3,6%-ға өскені байқалады.

Дизельдік отын 13,3%-ға қымбаттаған, ал бензин – 8,7%-ға, баллондағы сұйытылған газ, тас көмір бағасы 7,8%-ға көтерілген.

Құқықтық қызмет көрсету тоғыз ай ішінде 7%-ға өскен, жеке көлікті сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау қызметі – 6,5%, демалу, сауықтыру мен мәдени сала – 6%, қоғамдық тамақтану 3,7% болған.

Сондай-ақ көлік қызметі де қымбаттаған. Әуе көлігі арқылы ұшу 13,9%-ға қымбаттаған, ал қала ішіндегі автобус – 8,9%-ға, қала арасында жүретін автобус – 4,9%-ға қымбаттаған, бірақ та алыс жолдарға теміржол арқылы жету құны 0,5%-ға арзандаған.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласындағы тарату желісі арқылы жеткізілетін газдың тарифі 10,8%-ға артқан, кәріз – 9,2%, орталық жылу беру – 7,3%, тұрғын үйді ұстап тұру – 6,3%, суық су – 4,9%, электр энергиясы, ыстық су –3,6% болған.

Еске сала кетсек, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына сәйкес, 2017 жылы инфляция деңгейі 6-8% болуы керек.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу