Конференция лигасы: "Астана" Швейцарияда "Лозаннадан" жеңілді

183

UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" сырт алаңда Швейцарияның "Лозанна" клубымен кездесіп, есе жіберді.  

Конференция лигасы: "Астана" Швейцарияда "Лозаннадан" жеңілді Фото: prosport.kz

Бас бапкер Григорий Бабаян Марин Томасов пен Назми Грипши секілді көшбасшы ойыншыларын қосалқы құрамға қалдырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бапкердің жоспары жүзеге асқан жоқ. Қарсылас қатарынан үш гол соқты.

Екінші кезеңде швейцариялық клубтан Альбан Айдини 72-минутта мергендік танытса, 90-минутта "Астана" сапынан Иван Башич есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Қарымта ойын 14 тамызда елордада өтеді.

"Лозанна" командасы 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу