Конференция-лигасында "Ордабасының" тағдырын жалғыз гол шешті

488

Шымкенттік "Ордабасы" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Люксембургтің "Дифферданж 03" клубымен сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конференция-лигасында "Ордабасының" тағдырын жалғыз гол шешті Фото: SportX.kz

Ойын "Муниципаль де Дифферданж" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл кездесудегі жалғыз голды Жоржиньо соқты. "Ордабасы" қақпаға бағытталған қарсылас команданың бес соққысына тек бір соққы ғана жасады. Осылайша бұл еурокубок матчында "Ордабасы" әзірге гол соққан жоқ.

"Ордабасы" — "Дифферданж" арасындағы қарымта ойын 1 тамыз күні Шымкентте өтеді. Жұптың жеңімпазы "Струга" (Солтүстік Македония) – "Пюник" (Армения) кездесуінің үздік командасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде шымкенттіктер молдовалық "Петрокубқа" ұтылып қалды (0:0 және 1:0). Ал "Дифферданж" "К.И.Клаксвикке" есе жіберді – 0:2 (0:2, 0:0).

Айта кетейік, The Sweeper басылымы матч аяқталған соң шымкенттік "Ордабасы" туралы қызықты дерек жариялады.

"Қазақстан чемпионы шымкенттік "Ордабасы" бүгінгі УЕФА Конференция лигасының іріктеу турниріне қатысу үшін Азия мен Еуропа елдерін аралап, Люксембургтің Дифферданж қаласына үлкен саяхат жасады. Бір бағытта 4843 шақырым және жалпы 9 686 шақырым. Бұл 2024/25 жылғы іріктеу кезеңінде клубтың ең ұзақ жүріп өткен жолы", — деп жазады The Sweeper.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу