"Көңіл-күйі жоқ": Анкарадағы саммитке Трамп ұшып келді

Жоғары деңгейдегі саммит Түркия Президенті әкімшілігінің ресми кешенінде өтіп жатыр.  

"Көңіл-күйі жоқ": Анкарадағы саммитке Трамп ұшып келді Фото: trthaber.com

Халықаралық іс-шараға НАТО-ға мүше 32 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

CNN таратқан ақпаратқа сай, АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО саммитіне құлықсыз әрі көңіл күйі түсіңкі жағдайда аттанған. Осыған байланысты "бұл Альянс көшбасшыларының кездесуіне шиеленіс тудырады" деген де күмән бар. 

АҚШ президенті "Ирандағы соғыс басталғаннан кейін Америкаға қолдау қажет болған кезде еуропалық одақтастар тиісті деңгейде көмек көрсетпеді" деп есептейді.

Сол себепті, Трамп Анкарадағы саммитке үлкен ықыласпен бармаған болуы мүмкін. 

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың НАТО құрамынан шығуы мүмкін екенін ешқашан толық жоққа шығармаған. Трамптың пікірінше, Еуропаның қауіпсіздігін негізінен АҚШ қамтамасыз етіп отыр, сондықтан Альянстың Вашингтон үшін қаншалықты маңызды екеніне жиі күмән келтіреді.

Мұнымен қоса, АҚШ президентінің Дания құрамындағы Гренландияны АҚШ бақылауына алу жөніндегі мәлімдемелері және Ресей президенті Владимир Путинге қатысты кейбір жылы пікірі де одақтастар арасындағы алаңдаушылықты күшейткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу